Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Туберкулезді тоқтатайық!

Туберкулезәлемде аса кең тараған жұқпалы ауру. Дені сау адамдар туберкулез ауруы олардың мәселесі емес деп қарамау керек. Жыл сайын туберкулезден 2 миллион адам дүниеден өтеді.

Бұл аурушаңдылық туберкулез бактерияларының ағзаға кірген кезде дами бастайды. Туберкулез кез келген мүшені зақымдауы мүмкін, бірақ аса көп таралатын түрі - өкпе туберкулезі. Туберкулез бактериялары туберкулезбен ауыратын науқастан сөйлеу кезінде, жөтелгенде, түшкіргенде бөлінеді. Олар ауада бірнеше сағат бойы болуы мүмкін. Олардың саны нашар желдетілетін орынжайда,  көп болу мүмкін. Ауруды кез келген жаста жұқтыруға болады, бірақ балалар және әлсіз адамдарға бұл аса қауіпті. 

Туберкулез – бұл баяу жүретін және ұзаққа созылатын ауру түрі. Қазіргі уақытта 50% науқаста кеш анықталады, 10% емделмейтін түрде анықталады.

Жөтел - туберкулездің сипатты белгілерінің бірі. Егер ол 2 аптадан астам жалғасатын болса, онда дәрігерге міндетті түрде қаралу керек. Жөтелгенде қақырықтың бөлінуі мүмкін. Әлсіздік, терлеу, кеуденің ауруы, тәбеттің болмауы, салмақтың азаюы, дененің қызуы, қанмен қақыру сияқты белгілерге де назар аудару керек.

Туберкулезді флюорографиялық және рентгенологиялық әдістерімен аңғаруға болады. Туберкулездің диагностикасында аса маңызды рөлді қақырықтың микроскопиялық зерттелімі атқарады. Аурушаңдылық белгілері байқалғанда бірден емханаға, фельдшер пунктіне, учаскелік ауруханаға жүгінген жөн. Медициналық көмекке және үнемі флюорографиялық тексеруге уақтылы жүгінгенде туберкулездің асқынған түрлері анықталады, емделу және қаралу мерзімдері қысқарады. Туберкулезді емдеу кем дегенде 6-8 ай жүргізіледі. Тек осы кезеңде ғана туберкулездің барлық бактериялары жойылады.

Туберкулезді емдеу бақыланған болу керек, өйткені көптеген адамдар қажетті дәрі-дәрмектерді уақтылы қабылдауды ұмытады. Дәрілерді қабылдауда ешқашан да үзілісті болдырмау керек, өйткені бұл туберкулез бактерияларының тұрақтылығына және созылмалы аурушаңдылық үлгілерінің қалыптасуына алып келуі мүмкін. Қымыз, шұбат, бал, прополис, жаңғақ, емдік шөптер туберкулез бактерияларын жоймайды, туберкулезді емдеуде тек қосалқы ем бола алады. Туберкулезбен ауыратын науқастарға тағамға сүт өнімдерін, жемістерді және түрлі сусындарды жеткілікті түрде қолдану керек. Тәулігінде 8-10 сағат ұйықтау және демалу қажет.

Жөтелген кезде, түшкірген кезде ауызды дезинфекцияланатын немесе жойылатын қол орамалмен жауып отырған жөн. Науқастар қақырық талдамасы теріс нәтиже бермейінше басқа адамдармен, әсіресе, балалармен араласуды шектеу керек. Бөлмелер, палаталар жиі желдетіліп отыру керек. Зарарсыздандыратын хлорқұрамды заттарды қолданумен ылғалды жинастыру жиі жүргізіледі.

Туберкулезді емдеу – ТЕГІН!