Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарын алдын алу

Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басымды бағыттарының бірі. Сыбайлас жемқорлық – мемлекет пен қоғамның негіздерін бұзатын қоғамдық-әлеуметтік құбылыс. Ол ерте кезден-ақ белгілі және әлемдік проблема болып табылады. Сыбайлас жемқорлықпен күрес – бұл немқұрайды қарауға болмайтын аса ұзақ, күрделі және көп еңбекті талап ететін үрдіс. Біздің барлық қоғам оған төтеп бере алу керек. Ол үшін біздің қоғамда жемқорлықты қабылдамау атмосферасын орнату, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы  саясатын насихаттау және осы әлеуметтік құбылыспен күресу барысы туралы халықты қоғамдық ақпарат ету керек.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес өз құзыреттілігі шегінде барлық мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалар жүргізу міндетті. Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес жүйелі және кешенді сипатқа ие болды. Сонымен қатар ескерту және алдын алу шараларын уақтылы қабылдауға негізгі назар аударған жөн.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша 2016-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, Екібастұз қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында белгілі бір жұмыстар жүргізіліп тұрады. Басқармаға кіру тәртібі ұйымдастырылған, құжаттарды қабылдау «бір терезе» қағидаты бойынша кеңсе арқылы жүзеге асырылады. Азаматтардың өтінішітерімен жұмыс «Жеке және заңды тұлғалардың өтінішітерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүргізіледі. Келушілермен кеңесуге арналған кабинет жабдықталған, күнделікті сағат 9.00-ден 18.30 аралығында қызмет етеді. Ғимаратқа кіргенде шағымдарды қабылдауға арналған жәшік орнатылған. Басқарма мамандарына құқықтық оқу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша білім деңгейлерін арттыру семинарларыжүргізіледі. Басқарма басшысы мен басшының орынбасары күн сайын сағат 17.00-18.00 аралығында азаматтардың жеке қабылдауын жүргізеді.

Сондай-ақ басқармада 8 (7187) 77-49-74 сенім телефоны жұмыс жасайды, осы телефон арқылы сіз басқарма қызметкерлерінің кез келген құқық бұзушылық іс-әрекеттері жөнінде хабарлай аласыздар.

Екібастұз қалалық қоғамдық

денсаулық мақтау басқармасының

бас маманы                                                                 Г. Шайкенова