Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Армысың, жайсаң жаз!»

Балалардың демалысы маңызды орын алады. Әр бала оқу жылы алдында күш жинап, қуаттануы тиіс.  1 маусым күні Екібастұз қаласының барлық білім мекемелерінде «Сиқырлы жаз - 2017» қалалық  жазғы бағдарламасы іске қосылды. 16000-нан аса мектеп оқушылары  мектеп жанындағы және бейінді лагерлерге,  спорт және ойын алаңдарына, шатырлы және  интеллектуалды отрядтарға келді. Сегіз жаңа қалалық жоба іске қосылып, 38 мектеп жанындағы  лагерлер ашылды.

Әр  ересек адам балалар үшін мереке сәнін құруға тырысты. «Болат  Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» АҚ  басшысы,   облыстық мәслихаттың депутаты  Р.Т.Свамбаев бастаған топ  № 11 ЖОМ-не  демеуші  болып, маусымның ашылуына сыйлықтар әкеліп, балаларға қуаныш сыйлады.

Солардың еңбегінің арқасында балалар  тамаша спорт алаңына, көріктендірілген аумақ пен өте әдемі «Күншуақ» мектеп жанындағы лагерьге ие болды. 

№ 5 ЖОМ-де қалалық   соттың қызметкерлері  әлеуметтік-қорғалмаған санаттағы балалар үшін сыйлықтар таратып, 17 балаға мектеп жанындағы лагерьге тегін жолдама берді.  «Маис» және «Жоламан» ЖШС барлық балалардың    автобустарда тегін жүруін ұйымдастырды, ал  «Богатырь Көмір»  ЖШС барлығына тегін  балмұздақ таратты. «Маска»  театральдық  студиясы барлық балалар үшін  «Қайнар» ББК-де  «Про Федота стрельца, удалого молодца»  театральдық қойылымын көрсетті, әрине, балалардың арасынан өздері актер болды.

Бұл күні әр бала назардан тыс қалмады. Жазғы демалысқа арналған  қалалық бағдарлама  өз жұмысын енді ғана бастады, әрі алда көптеген қызықты шаралар, жобалар   мен сыйлықтар және қуанышты сәттер күтіп тұр!