Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Терек мамығы

Терек ағашы көктей бастаған мезгілде бүкіл көшелер, қала бақтары, үй алаңдары терек мамығына оранады, есік, терезе арқылы мамық үйге де кіреді, яғни өрт қаупі туындайды, сондықтан Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы болуы мүмкін өрттен сақтану ережелерін ұстану қажет екенін еске салады.Терек мамығы әсіресе жеке меншік үйлер орналасқан аудандарда автокөлік тұрақтарында қауіпті. Көптеген өрттер балалардың шырпымен ойнау салдарынан болып жатады, осыған байланысты ата-аналар күнделікті балаларға ойыннан от шығатынын естеріне салып отырса, сіреңкені қолдарына алуға тыйым салса, ойынның арты үлкен қауіпке әкеп соғатынын түсіндірсе деген ұсыныс береміз.

Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы барлық ұйымдардың, мекемелердін, меншік пәтер иелерінің төрағаларына аумақтағы терек мамығының қоқысын уақытында жинап су себу жұмыстарын ұйымдастыру керек екендігін естеріне салады.

 

Ж.Майманов Екібастұз қаласы

 ТЖ басқармасы өртке қарсы

мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы,

 азаматтық қорғау аға лейтенанты