Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



№ 14-ө ӨКІМ

2013 жылғы 5  наурыз

 

 

2011-2015 жылдарға арналған Екібастұз қаласы аумағының даму бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарына өзгерістер енгізу туралы

 

 

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» № 931 Жарлығына сәйкес және Екібастұз қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 5 ақпандағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 7 ақпандағы «2011-2015 жылдарға аралған Екібастұз қаласы аумағының даму бағдарламасы туралы» № 97/1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 134/2 қаулысы негізінде:

1.   Екібастұз қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 10 наурыздағы № 8-ө өкімімен бекітілген, 2011-2015 жылдарға арналған Екібастұз қаласы аумағының даму бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарына (бұдан әрі – Жоспар) (Екібастұз қаласы әкімінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 13 өкімімен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен)  келесі өзгерістер енгізілсін:

Жоспар осы өкімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.

 2.  Жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдардың басшылары Жоспарды бекіткеннен кейін:

«Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жылдың және жартыжылдық қорытындылары бойынша Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

3. Осы өкімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

 

Екібастұз қаласының

            әкімі                                                                                          А. Вербняк