Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

Бүгін Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні    «Шахтер» мәдениет және демалыс саябағында митинг өткізілді. Қала әкімі Қайрат Нүкенов және Екібастұздың діни қызметкерлері оқушы жастарға қайғылы оқиғаның мән-жайын айтып берді. Жас гүлденген Екібастұз қаласы бүгін өз тұрғындарының мақтанышы. Бірақ 60 жылдан бұрын қуғын-сүргін құрбандары үшін бұл жат әрі суық жер болды, бұл жерде көптеген саяси қамауға алынғандарды үрейлі ажал күтіп тұрды.

Екібастұзда саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіштің бой көтергеніне көп болған жоқ. Сол уақыттан бері Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған митинг жыл сайын дәл осы жерде өтеді. Қатысушылар миллиондаған отбасылардың тағдырына балта шапқан  қатыгез тоталитарлық саясат құрбандарын бір сәт үнсіздікпен еске алды. Өз туған – туыстарын жоқтап тұрған кескінсіз әйел мен бала ескерткішінің алдына гүл шоқтарын қойды.