Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Жомарт Дулат Жомартұлы: 2 емханага дейын баратын автобус аз

Құрметті әкім мырза мен 19 шагын ауданы Королева 70 а көшесінде тұрамын.Сізге кояр өтінішім Королева аялдамасынан 2 емханаға дейін баратын автобус жок. 5,7,22 ші автобус жүргенімен олар 2 емханаға алыс тоқтайды Тойдуман тойхананын алдына. Емхана ары қарай орналаскан.Уйде қарт адамдар бар. Оларга жие емханаға бару керек журип турулары киын болгандыктан сізге өтініш жазып отырмын.

Құрметті Дулат Жомартұлы! Қала әкімінің ресми сайтына № 5,7,22 автобус маршруттарын № 2 емханаға дейін ұзарту мәселесіндегі Сіздің өтінішіңізге хабарлаймын.

№ 2 жаңа емхана пайдалануға берілісімен №10 маршруттың қозғалысының сызбасы өзгертілді. Маршрут қозғалысы Беркімбаев - Мәскеу – Энергетиков – Торайғыров - 22 шға. Көшелері бойынша жүзеге асырылады, мұның өзі 5, 8, 9 шағынаудандардағы қабатты тұрғын үйлерде тұратын пациенттердің жолда кідірмей жетуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. №6, №66 автобус маршруттарының қозғалысы жолай №2 емхана ауданында жолаушыларды түсіре және отырғыза отыра 23 шағынаудан арқылы жүргізіледі.

Қала тұрғындарының көптеген өтініштеріне байланысты, №2 емхана ауданында Мәскеу көшесінің тақ жағында «талап бойынша» қосымша аялдама ұйымдастырылды, соған байланысты бүгінгі таңда № 6,66,22 автобус маршруттары, оның ішінде 5,7 жолай жолаушыларды түсіруді және отырғызуды жүргізеді.

Автобус маршруттарының қозғалысы жолаушылар легі және қаланың қалыптасқан инфрақұрылымын зерттеу негізінде жасалды. № 5,7,22 маршруттарының сызбасын өзгерту мүмкін емес, себебі СНиП талабына сәйкес автобус аялдамаларының арасындағы нормативті қашықтық 400-800 метрді құрайды. №2 емханаға дейінгі жақын орналасқан Энергетиков, Мәскеу к. аялдамалардың қашықтығы 420 м. құрайды, бұл талапқа сай.