Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Байқаңыздар, қызылша!

ТМД елдерінде қызылша аурушаңдылығы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түсуі байқалады.

ProMED деректері бойынша 2017 жылдың сәуір айынан бастап Одесса қаласында (Украинада) халық арасында қызылшаның тіркелген  жағдайлары 90 шамасына жетті. Тәжікстанда қызылшаның жаппай жағдайлары тіркелді, жалпы жағдайлар саны 345-ке дейін жетті, Рудаки ауданы, Душанбе қаласы мен оның аумақтары  енді.

Еуропа, Америка құрама штаттары, Канакда, ОАР, Судан, Пакистан және т.б. елдерде қызылша бойынша қолайсыз елдер болып саналады.         

Қызылша белгілері мен алдын алу шаралары

Қызылша – инфекциялық ауру. Оны қоздырушы – вирустар. Таралу жолы – ауа-тамшылар жолы арқылы. Ерекше сипаттағаы белгісі – бөртпелер. Қызылша вирусы тыныс алу жолдары арқылы ағзаға кіреді де, онда көбейе отырып, қанға енеді. Қан арқылы вирус көптеген дене мүшелеріне тарала, бадамшаларды, бауырды, өкпені, сүйек кемігін зақымдайды. Қызылша жіті респираторлық аурудың белгілеріне (дене қызуының көтерілуі, жөтел, тұмау, көздің жасқа толуы)  ұқсас болып басталады. Бұл жағдай 2-3 күндей сақталады, содан соң ашық қызыл түсті бөртпе бастапқыда бетте, құлақ маңында пайда болады да, кейін барлық дене бойынша таралады. Қызылшамен ауыратын науқас бөрпе шығар алдындағы 4 күн мен бөрпе шыққаннан соң 4 күн ішінде қоршаған орта үшін аса жұқтырмалы болады.

Қызылша немен қауіпті?

Қызылша орта құлақтың, өкпенің, кеңірдіктің, тыныс демікпенің, сондай-ақ ми қабыршықтарының қабынуымен аса қауіпті. Кез келген асқынудан науқас өліп кету мүмкін.

Қызылшадан қалай емделуге болады? Қызылша жататын барлық вирустық инфекцияларды емдеу қиын. Қызылшаны емдеуге арналған арнайы дәрі-дәрмек жоқ. Антибиотиктер тек қызылшадан болған асқынуларға тағайындалады. Қызылшамен ауыратындарға дәрумендерге бай (көкөністер, жемістер, шырындар) тамақтану, көп су ішу қажет

Қызылшадан қалай қорғану қажет?

Қызылшадан 60-шы жылдардан бері қолданып келе жатқан 1 жастан бастап 6 жасқа дейін ауруға қарсы екпе алу арқылы ғана қорғануға болады.

Екібастұз қоғамдық

денсаулық сақтау

басқармасының бас маманы                                  К.А. Айтпаева