Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Шакенова Светлана Барлыбаевна: Ломоносова 15а

Сәлеметсіз бе.Мен Ломоносова 15а турамын.Меным быр өтініш бар,кұрметті әкім ,сыз быздын үйде келеңсіз, қараңыз, қалай быз түрамыз,сыз өзіңіз көзімен көрсеңіз, сызге бәрің түсінікті​ болады.Подьездын ішінде антисанитарлық жағдайың көресіз, жарық жоқ,әйнек деген картон мен істелген,баспалдақтар нашар.ал балаларға далаға шығуға өте қорқынышты,ішетын адамдар көп сондықтан,шынылар көп.жауабың күтеміз.

Құрметті Светлана Барлыбаевна! Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтына, кірешек терезелерінің шыныланбауы және жарықтанбауы, кірешектің ластығы, кірешек баспалдақтарының қанағаттанарлықсыз жағдайы, кірешекте спирттік ішімдік ішетіндердің болуына қатысты келіп түскен Сіздің өтінішке, келесіні хабарлаймын.

Тұрғын үй 5 қабатты, 2 кірешекті, «Трансстрой» ПИТК қызмет көрсетеді.

Аталмыш өтініш 2017 жылғы 5 маусымда «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ маманының қатысуымен барып қаралды.

Тексеру барысында үй маңындағы аумақтың жиналғандығы анықталды, кірешектегі терезе шынылары 30 пайыз көлемінде жоқ, кірешекте жарық жоқ, баспалдақтар қанағаттанарлықсыз жағдайда, екінші кірешектің бірінші қабатының қосалқы жайында пәтер меншік иелері қалап қойған тұрмыстық қоқыс бар.

Жергілікті полиция қызметіне және «Трансстрой» ПИТК шара қолдануға хат жолданды.

«Трансстрой» ПИТК мәлімдеуінше, жоғарыда аталған жұмыстарды орындау үшін нысаналы ақшалай жинақ жүргізілуде. Алдын-ала атқару мерзімі 2017 жылғы 10 шілдеге дейін.

Аталмыш өтініш «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ бақылауында қалады.