Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Сальмонеллез ауруыналдыналушаралары

Сальмонеллез – Salmonella -бактерия арқылы тарайтынжіті жұқпалы ауру.

      Сальмонеллы – ұзақ уақыт бойы сыртқы ортада,суда,ашық су айдындарында 5 айға дейін,топырақта – 18 айға дейін,етте және шұжық өнімдерінде 2-ден 4 айға,мұздатылған етте – 6 айдай, құс еттің тілімінде – 1 жылдан аса, сүтте – 20 күнге ,айранда – 2 айға, сары майда -4 айға, ірімшікте – 1 жылға,сырада 2 айға дейін өмір сүру мүмкін.

      Үй температурасында бактерия тамақ өнімдерінде, әсіресе ет  және сүт тағамдарында тез таралады, сонда бұл тағамдардың түрі мен дәмі еш өзгермейді.

      Сальмонеллы – тамақ өнімін консервілегенде және қосылымда тұздау сәйкестігі 2-18  %. - ге дейін болған жағдайда да жойылмайды. Тек жоғары температурада қайнатқан кезде ғана бактерия тезарада  жойылады.

     Сальмонеллды жұқтыру жолдары өте көп; Ең жиі кездесетін жолы –тамақтану кезінде,мал етінен,құс етінен тағамдарды және жұмыртқаны қолданғанда, микробтарқажетті аспаздық өңдеуден азық-түліктер (жартылай пісірілген бифштекс, шикі жұмыртқа, шала қуырылған жұмыртқа, дұрыс сақталмағанда және қарапайым жеке бас тазалығын дұрыс сақтамағанда жұқтырады. Жұқтырудың қайнар көзі болып сальманаллез ауруымен ауыратын малдар, оның ішінде үй жануарлары (ірі қара мал, шошқа,мысық,иттер),құстар, адамдар немесе өздері сау болса да, жұқпа ауруын тасымалдаушылар қоршаған ортаға өте қауіпті. Олар өздері ауырмайды,ал жүқпа көзі болуы мүмкін.Сальмонеллезді су арқылы да, оны ішкенде және шомылғанда жұқтыруға болады. Ауру белгілері айқын да көріну мүмкін, көрінбеу де мүмкін.

      Ауру белгілері асқазан-ішек түрі болғанда тез басталады, құсу мен іш өтуі,кебуі мен шұрылдауы,әлсіздік,бас ауруы,бастың айналуы,қалтырау,дене қызуының 38-40 дейін көтерілуі,сіреспе, бұлшық ет пен буындардың ауруыбілінеді.Ауру 3-7 – күнге дейін созылады. Аурудың басқа асқынған  түрінде су денеден көп мөлшерде жоғалады, бауыр мен көкбауыр ұлғаяды, бүйрек зақымдалып,қызметі бұзылуы мүмкін. Егер адам иммунитеті төмендемеген болса, онда сальмонеллез 10 күнге дейін болады.

       Сальмонеллездің алдын алу шаралары – мал сойғанда және мүшелегенде ветеринарлық-санитариялық қадағалау жүргізу, тағам өнімдерін әзірлеу,  сақтау мен іске асыру кезінде санитарлық қағидалармен қойылған талаптарды орындау; қоғамдық тамақтану, сауда кәсіпорындарына және балалар мекемелеріне жұмысқа орналасатын тұлғаларды медициналық қараудан өткізу, Сондай-ақ пісірілген сүттен, шикі жұмыртқадан бас тарту, ойыншықтарды және бала күтіміне қажет заттарды дұрыс өңдеу қажет. Сонымен қатар сальмонеллездің алдын алудағы аса маңызды тәсілдердің бірі – қолды жақсылап жуу екендігін ұмыстпау қажет.

Екібастұз қалалық қоғамдық денсаулық

 сақтау басқармасының бас маманы                                                     Н.Сейдағалиева