Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Мазасыз масалар

Суқоймалары мен қалада масалар пайда болды. Бұл неге ерте, олар қалай ерте  көбейді, әдетте олардың жетілуіне ұзақ уақыт керек еді, оның үстіне күннің жылуы да көп болған жоқ - деген сұрақтар қалалықтарды мазалады.

  Масалардың осылай ерте көбеюінің себебі былайша түсіндіріледі: олар жұмыртқаларынан былтыр дүниеге келген. Кейбір масалардың түрі, шыбындар сияқты қыста «ұйқыға кетеді».  Әрине бұл салыстыру жәндіктер үшін қисынсыз, олар сүтқоректілер емес қой, бірақ олардың жәй-күйі осындай теңестіруге жақынырақ болады – олар әлсіз, өміршеңдігі баяулайды. Биологтар жәндіктердің осындай кезеңін диапауза деп атайды. Масалардың осындай жағдайдан шығуына  бірнеше күн жеткілікті. Биыл күн өте ерте және күрт  жылынғандықтан масалар да тез жылынып, қоректенуге  ұшып шықты.

  Оларды тек бір нәрсе ғана қызықтыратындығы белгілі - ол қан, тек біреулері адамдарға шабуыл жасаса, енді бірі үй жануарларына, малға шабуыл жасайды. Бізде масаларды екі түрі қыстайды – кулекс және анофелес. Бұлардың екеуі де «ұйқыға» оңаша жер таңдайды- тұрғын үйлер мен құрылыстардың саңылаулары, ағаш қабықтарының жарықтары мен тесіктері. Тек кулекстер қалада сайран салады, ал анофелестер үй жануарлары мекендейтін қораларда қыстайды. Осы екеуінің де қыстап шығуға ұрғашылары ғана қауқарлы. Табиғат заңына сәйкес сапалы ұрпақ әкелу үшін олар қанмен қоректенуі керек. Осы себепке байланысты ұрғашы масалар «қатты» шағады. Масалар шағуы үдетіп кетсе, яғни олардың жұмыртқалап жатқандығын білдіреді. Анофелестердің (бұл масаның безгектік түрі)  жаңа ұрпақтары дүниеге мамырдың аяғында, ал кулекстердің ұрпақтары – кешірек –шілде-тамыз айларында пайда болады.

      Жалпы бізді жаз бойы мазалайтын басқа масалар –аедестер. Бірақ олар әзірге жоқ. Жақында энтомологтар суқоймаларында болашақ масалардың бар-жоғын тексеріп, суқоймаларын өңдеу әлі ерте деген шешімге келді- біріншіден- аедестер әлі дамып, жетіліп болған жоқ, ал екіншіден олардың саны аз. Масалардың дамып-жетілуі төрт сатыдан тұрады: жұмыртқа-құрт-куколка-имаго. Имаго- бұл ересек жәндік. Суқоймалары куколкалар санының көптігіне байланысты өңделеді (масаның дамуындағы үшінші сатысында).

     Аедестер –масалардың ішіндегі ең көп тараған түрі. Біздің облысымызда барлығы масалардың 14 түрі мекендейді – безгектік және қарапайым түрлері. Мысалы, кулестердің екі түрі бар – осы санатқа бізге белгілі жертөледегі масалар жатады, олар жыл бойы өмір сүріп, көбейіп отырады, тек жайлы орын – жылы және дымқыл жертөле болса жетеді.

    Масалардың ішіндегі ең ірілері – безгектіктері, осы топқа анофелестер, аедестер де кіреді. Ал кулекстер өте кішкентай болады. Сондықтан жертөле масалары ерекше кішкентай, сарғыш, қыстан қорықпайтын құбыжық екендігін қалалықтар дұрыс байқаған. 

Екібастұз қалалық қоғамдық денсаулық

 сақтау басқармасының

 бас маманы                                                                                                           А. Жимайлова