Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Кәсіби аурулардың алдын алу

Көптеген жұмыстар мен еңбек шарттары ағзаның келеңсіз салдарын алып келеді. Халықаралық еңбек ұйымдарының (ХЕҰ) жыл сайынғы есептері кәсіби қызметпен байланысты тіркелетін аурулар саны орташа есеппен 160 миллионды құрайтындығын куәландырады. Жұмыскер еңбектенгенде оның денсаулығына жағымсыз әсер қалдыратын өндірістік орта мен еңбек үрдісінің факторлары ықпал етеді. Дегенмен өндірістік ортада қолайсыз факторлардың толық болмауы мүмкін емес. Осындай жағдайдағы жұмыстар, ақыр соңы жұмыстың зиянды шарты нәтижесінде туындаған уақытша еңбекке жарамсыздыққаалып келетінжіті және созылмалы кәсіби ауруларды тудырады. Қызметкер өндірістік ауруларға өндірістік жарақат алған себептер сияқты шалдығу мүмкін, оларға: техникалық, ұйымдастыру, санитариялық-гигиеналық, экономикалық, психофизиологиялық себептер жатады.

Бірінші топқа (техникалық) құрылымдық, аспаптардың, басқа да техникалық құралдардың істемеуі, қоршалмау, тұтқалардың болмауы, желдеткіштің істемеуі, улы газдер мен сұйықтықтардың ағу  кемшіліктері бар машиналармен, станоктармен болатын техникалық проблемалар енеді.

Екінші топқа (ұйымдастыру) өндіріске басшылық жағынан қадағалаудың болмауы, қажетті нұсқаманың жүргізілмеуі, еңбекті қорғау ережелерінің бұзылуы, қызметкерге тиісті демалыс уақытын бермеуі, жұмыс орнында жеке қорғаныс құралдарының болмауы, сондай-ақ құралдарды өзінің техникалық тағайындалуы бойынша қолданылмауы жатады.

Үшінші топқа (санитариялық-гигиеналық) жұмыс орнының лас болуы, уақтылы медқараудан өтпеуі, қалыптан тыс артық шудың болуы, дірілдің, газдалудың болуы, жарықтың, сәуленің нашар түсуі, сондай-ақ табиғи-климаттық жағдайлар жатады.

Төртінші топқа (экономикалық) өндірісте еңбекті қорғау саласына қажетті қаражаттың бөлінбеуі, өнімділіктің  шамадан тыс артуына қарамастан, жұмыскерлер штатын және демалыс уақытын қысқарту. Сынған техниканы жөндеуге және уақтылы ауыстыруға қаражатты үнемдеу жатады.

Бесінші топ (психофизиологиялық) жұмыстың монотондығы, ұжымның нашар жағдайы, қызметкердің жалпы шаршауы жатады.

Жұмыс орындарында еңбек етудің қауіпсіз шарттарын қамтамасыз ету және жұмыс істеуші халықтың денсаулығын сақтап қалу біздің қоғамымыздың экономикалық салауатылығының бірден бір шарты болып саналады, сондықтан да өндірістегі улануалармен, не жарақттанумен, не кәсіби аурулармен байланысты жазатайым оқиғаларды болдырмауға бағытталған  іс-шаралар арасында кәсіби аурулардың алдын алу аса маңызды орынға ие.

Екібастұз қалалық қоғамдық  денсаулық

сақтау басқармасының бас маманы                             Аслбеков С.Б.