Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Жақсылық жасауға асық» қайырымдылық марафоны

Бүгін қала әкімі Қ.Т. Нүкенов жас екібастұздықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, «Екібастұз» балалар қорымен өткізілетін жыл сайынғы дәстүрлі «Жақсылық жасауға асық!» қайырымдылық марафонына қатысты.   

Қала әкімі жыл сайын мамыр айындағы ең шуақты әрі жарқын мереке қарсаңында «Сәулетай» балалар шығармашылық конкурсын жігерлендіретін  көптеген шағын жұлдызшалардың нұрынан Екібастұз қаласы түрлі - түспен жарқырай түсетінін атап айтты.       

Міне 15 жыл болды, балаларды қорғау күніне қарсы «Екібастұз» қоғамдық балалар қоры түрлі себептермен өздеріне қамқор бола алмайтын балалар мен отбасыларды қолдау мақсатында қайырымдылық марафонын өткізеді. 15 жыл бойы жас екібастұздықтар сахна төрін бағындырып келеді  әрі осы «Саулетай» олардың көпшілігі үшін шығармашылық жолдарына бастау алатын нағыз серпін алаңы.        

Сондай-ақ қайырымдылық акциясына қала құраушы кәсіпорындар, қаланың мекемелері мен ұйымдары ат салысты, кішкентай азаматтарымыздың тағдырына бейжай қарамайтын олар өмірлік қиын жағдайға тап болған балақайларға қол ұшын берді. Көмек мұқтаж және қатты науқас балаларды қолдау мақсатында көрсетіледі, әсіресе, қант диабетімен ауыратын бөбектер,  өмірлік қиын жағдайға түскен жасөспірімдер ерекше назарда болды.                   

Акция жалғасуда. Жақсылық жасауға асығыңыздар!