Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Баспасөз-релизі

Бүгін қала әкімі  Қ.Т.Нүкеновтің төрағалығымен қала әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті.

Күн тәртібінде Екібастұз өңірінің ауылдық округтерінде мәдениеттің дамуы, «Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, Екібастұз қаласы әкімінің 2017 жылы есеп беру кездесулерінде тұрғындармен айтылған ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы мәселелер қаралды.

Мәжілістің нәтижесі бойынша қала әкімі мемлекеттік органдардың басшыларына Екібастұз өңірінің ауылдық округтерінде мәдениеттің дамуы бойынша жұмыстарды жандандыру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді сапалы  қамтамасыз ету  және  жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындарды ақпараттандыруды тапсырды.