kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Пресс-релиз

Бүгін біздің қаламызға Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі   Итиро Кавабата жұмыс сапарымен келді.

Келудегі мақсат, Екібастұз туберкулезге қарсы ауруханасына бару болатын.

2015 жылғы 17 ақпанда Жапонияның Қазақстан Республикасындағы   Елшілігі мен Екібастұз туберкулезге қарсы ауруханасы арасында 15196,00 мың теңге сомаға  грант ұсыну жөніндегі шартқа қол қойылған болатын.

Шарт шеңберінде аурухананың сыртқа тарату желдеткішіне жөндеу жүргізілді.

Жапония Елшісін қала әкімі Қ.Нүкенов күтіп алды. Қала басшысы өз сөзінде Қазақстан мен Жапония арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың   қалыптасқанына 25 жыл толғанын айтып өтті және әлеуметтік жобаларды іске асыруда қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдірді.

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза