Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Пресс-релиз

Екібастұз қаласы әкімдігі  жанындағы кәмелетке толмағандардың істері мен олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия 2017 жылдың 15 мен 17 аралығындағы кезеңде  тұрмысы қолайсыз отбасылар бойынша рейд жүргізді. Оған КТІ, білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық органдарының, жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі және қаланың ІІБ ЖПҚ ювенальді полиция тобының  өкілдері қатысты.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға қаланың 3 емханасынан Екібастұз қаласының 16 отбасының тұрмысының қолайсыздығы жөнінде ақпараттың келіп түсуі  рейд ұйымдастыруға себеп болды. Комиссия мүшелері тұрмысының қолайсыздығы расталған отбасылармен одан әрі профилактикалық жұмыстар жүргізу үшін кәмелетке толмағандардың тұрғын үй –тұрмыстық жағдайларымен, олардың ата-аналарымен және қорғаншыларымен танысты.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімінің қызметкерлері  «Өрлеу» пилоттық жобасына қатысудың ережесін түсіндірді, жұмысқа орналасу мен балалар жәрдемақысын тағайындау  мәселелері жөнінде кеңестер берді.

Қаланың ІІД ЖПҚ МЮП қызметкерлері заңды өкілдерге  Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы № 518-ІV Кодексінің 75-б. 1-т. 1) және 5)т. және 79-б. 2-т. 2)т. түсіндірді, сондай-ақ отбасыларға бақылаудың  күшейтілетіні мен кәмелетке толмағандарды күтіп-ұстау мен тәрбиелеу және оқыту үшін қажетті жағдай жасау жауапкершілігі жөнінде ескертілді.

Тұрмысы қолайсыз отбасылардың жағдайына бақылау жалғасатын болады.

Сондай-ақ, мамырдың 25-нен қаланың шағынаудандарын, көңіл көтеретін және ойын-сауық орындарын (дәмхана, мейрамхана, түнгі клубтар, интернет-кафе, компьютерлік клубтарды), сауда үйлерін, базарларды қаңғыбастықпен айналысатын кәмелетке толмағандарды, заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық орындарында кәмелетке толмағандардың болу фактілерін анықтау, сондай-ақ балалар еңбегінің ең жаман түрлерін пайдалану фактілерін анықтау мақсатында аралау бойынша кешенді ведомствоаралық рейд  басталды.

Комиссия кәмелетке толмағандардың жиналатын орындарын олардың алкоголь өнімдерін тұтыну саласына қатысты тексерді.

Рейдке қатысушылар сауда үйлерінің және дүкендердің  қызметкерлерімен 21 жасқа толмаған  тұлғаларға  алкоголь өнімдерін  сатуға тыйым салынғандығы жөнінде әңгімелесу жүргізді және сатушыларға Заң талаптарын бұзғандары үшін жауапкершілік жөнінде ескертті.

Бұндай рейдтер жаз маусымында тұрақты негізде жүргізілетін болады.