kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Құрметті азаматтар!

Екібастұз қаласының әкімдігінде Жер қатынастары бөлімі, қала әкімдігі сәулет және қала құрылысы бөлімі, сондай-ақ «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ өкілдерінің қатысуымен тұрғындармен жеке тұрғын үй құрылысы мәселесін түсіндіру жөнінде кездесулер өткізілуде.        

Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі 2016 жылғы 31 желтоқсанда «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы Бағдарламасын әзірледі және бекітті. Осы бағдарламаның мақсаты халық үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру болып табылады.

Бағдарламаның негізгі міндеттері:

-         ипотекалық кредит берудің қол жетімділігін арттыру;

-         жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру;

-         тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы кредиттік тұрғын үй салу;

-         халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй қорын құру;

-         жеке тұрғын үй құрылысын дамыту;

-         халықты жалға берілетін және коммерциялық тұрғын үйлермен қамтамасыз ету;

-         үлестік тұрғын үй құрылысын қолдау.

Іске асыру мерзімі: 2017-2021 жылдар.

         «Нұрлы жер» бағдарламасы – ол жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін бөлу туралы мәселесін шешуге сапалы жаңа көзқарас.

         Бағдарламаның тұжырымдамалық мәні, енді жергілікті атқарушы орган жерге кезекте тұрғандарды және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі - ҚТҚЖБ) салымшыларын біріктірумен ерекшеленеді. Жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін алу үшін арнайы есепте тұрған кезектегілер жер телімін ғана емес, дайын үй ала алады. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бөлінген жер телімінде адамдар өз бетімен үй салмайды, бекітілген жоба бойынша жер телімінде үй тұрғызатын бірыңғай құрылыс салушы болады.

         Үміткерлер екі маңызды шарттарды ұстану керек: жерге кезектілік тізімінде тұру және ҚТҚЖБ жинақтау салымына ие болу.

         Барлық қызықтыратын мәселелер бойынша Екібастұз қаласы, Екібастұз қаласының 50 жылдығы көшесі, 10, 303, 304 кабинеттер мекенжайы бойынша орналасқан «Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ жүгіне аласыз, телефондар: 34-81-41, 75-42-80.

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза