Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Серикбай Салтанат Женисовна: үй мәселесі.

Сәлеметсізбе, КайратТеміршотұлы! Мен 1 линейный 2а көшесінде 74 пәтерінде, 5 қабатта тұрамын. Жаңбыр болған уақыттарда үйімізде де жаңбыр болады. Төбеден су ағады. Үйдегі балалар осының салдарынан өкпеден ауыратын болды. Енді өзіңізден қандай көмек болады????

Құрметті Салтанат Женисовна! Екібастұз қаласы әкімінің сайтына төбе жабындысын жөндеу мәселесі бойынша хабарлаймын.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 2 б. 24 т. сәйкес – ортақ мүлік – жеке (дара) меншіктегі жайлардан басқан, кондоминиум объектілерінің (кірешектер, баспалдақтар, лифтілер, шатырлар, шатыр астылары, жертөлелер, пәтерден тысқары немесе жалпыүйлік инженерлік желілер және жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, абаттандыру және басқа да ортақ пайдалану мүлкін қоса алғанда, жер телімі) бөліктері;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 желтоқсанда 1822 қаулысымен бекітілген «Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау ережесінің» 8 т. сәйкес –жай (пәтер) меншік иелері кондоминиум ортақ мүлкін күтіп ұстауды және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етеді; кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау шығындарына қатысады;

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жөндеу туралы шешім қабылдаумен байланысты мәселе жай (пәтер) меншік иелерінің жалпы жиналысында міндетті түрде қарауды және құптауды талап етеді.

«ТАС» ЖК кондоминиум объектісін басқару органына және басқа да пәтер меншік иелеріне жалпы жиналыста пәтер меншік иелерінің нысаналы жинағы есебінен немесе Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасымен жөндеу мәселесін қарауды ұсынамын.