Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Жанна Абдыкаримова Омашевна: Балалар ауласы

Құрметті Қайрат Теміршотұлы!
Әуезов көшесі, 157 үйдің алдындағы балалар алаңшасы қараусыз жатыр. Әсіресе, 4,5-подъездің алдындағы тұста ағаштар қалың болып өсіп кеткен. Өткен-кеткен ішкіш адамдардың дәретханасына айналған. Сізден бірінші өтінішіміз, сол ағаштарды жұқартып, қысқартып берсе екен.
Екінші өтінішіміз, біздің депутаттарымыз осы балалар алаңшасындағы балалар ойнайтын нысандар мен қоршауларды сырлауға көңіл бөліп, құм төгіп берсінші. Ең болмаса, балалардың көңілін тапсын депутаттарымыз.
Қайрат Теміршотұлы! Сізге ризамыз, қала тазалығы үшін әрдайым жанашырлық танытып, жалқауларға үлгі көрсетесіз. Аман болыңыз!

Сіздің, Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтына, М. Әуезов к. 157 мекенжайға ШСҮ балалар ойын алаңшасының құмсалғышына құм әкелу және сырлау бойынша келіп түскен өтінішке, келесіні хабарлаймын.

Бүгінгі таңда «Зелень-Строй» ЖК мердігер ұйымы құмсалғыштарға құм жеткізді және ағымдағы жылғы маусым айында балалар ойын алаңшасының элементтері сырланатын болады.