kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

«Әлеуметтік бизнес-бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі» жобасы

«Әлеуметтік бизнес-бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі» жобасын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 19 мамырында «Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында Екібастұз қаласы прокуратурасы, ҚРБП ҰС және АЕК, Кәсіпкерлер палатасы, Мемлекеттік кірістер басқармасы, Екібастұз қаласы әкімдігінің мемлекеттік органдары өкілдерінің және «Народный бизнес»ҚБ  директоры У. Умаровтың қатысуымен семинар өткізілді.

Жоба түсіндіру жұмыстарын жүргізу мен бизнес құруға және қолданыстағы бизнес субъектілерін  дамытуға практикалық көмек көрсету үшін іске асырылуда.

Бұл кездесуге өздігінен жұмыспен қамтылған кәсіпкерлер, сондай-ақ бизнесін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер қатысты.

«Народный бизнес»ҚБ  директоры У. Умаров жеке меншік шағын бизнесті өздігінен құру үшін,  микрокредиттеуді талап етпейтін 100-ден аса бизнес-идеялармен таныстырды.

Кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы бөлімдерінің, Жұмыспен қамту орталығының және  Кәсіпкерлер палатасының басшылары «Бизнестің жол картасы-2020», «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын», «Сыбаға», «Алтын Асық», «Құлан» сияқты бар мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіріп өтті және жаңа бизнес құру мен қолданыстағы бизнесті дамыту жөнінде кеңестер берді. 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза