Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Ағымдағы жылдың 19 мамырында Екібастұз қаласы әкімінің резиденциясының үлкен залында

Ағымдағы жылдың 19 мамырында Екібастұз қаласы әкімінің резиденциясының үлкен залында қала әкімі Қайрат Нүкеновтің төрағалығымен Екібастұз қаласы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы мен сыбайлас жемқорлыққа  іс-қимыл жөніндегі қалалық ведомствоаралық комиссияның кезекті мәжілісі өтті.

Мәжіліске қалалық ведомствоаралық комиссияның мүшелері, қала әкімінің орынбасарлары, қала әкімдігі бөлімдерінің және қаланың мемлекеттік мекемелерінің   басшылары қатысты.

2017 жылғы 10 сәуірдегі кеңесте берілген  хаттамалық тапсырмаларды орындауда әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың жағдайы туралы Екібастұз қаласы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Майя Ермековна Сатвалдинова баяндады. Әкімшілік айыппұлдарды мемлекет  кірісіне өндіріп алудың жағдайы туралы Екібастұз қаласы ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметінің бастығы Елнур Жумабаевич Букаев есеп берді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  бойынша қабылданып жатқан  шаралар туралы  Шідерті кентінің әкімі Жансерик Жанымхан баяндады.

Комиссия мәжілісіне шығарылған барлық мәселелер қаралды.

Мәжіліс қорытындысы бойынша  комиссия төрағасы-қала әкімі  енгізілген ұсыныстарды ескере отырып,  қаралған мәселелер бойынша тапсырмалар берді.