kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Академик Марат Пазылович Марденовке және Екібастұз қаласының 60 жылдығына арналған конференция өтті

2017 жылғы 16 мамырда ЕИТИ акт залында академик Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ-дің негізін салушы,  физико-математика ғылымдарының  докторы, академик Марат Пазылович Марденовке және Екібастұз қаласының 60 жылдығына арналған академик Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ-дің  халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференцияға Екібастұз қаласының әкімі Қ.Т. Нүкенов, Ресейдің және Қазақстанның жетекші ғалымдары, сондай-ақ ЕИТИ-дің профессор – оқытушылар құрамы қатысты.     

Конференцияның жоспарлы бөлігінде құттықтау сөзбен қала әкімі сөз сөйледі. Техникалық ғылымдардың докторы, Мәскеу университетінің оқытушысы В.А. Атрушкевичтің (Ресей), Кемеровск мемлекеттік университетінің ректоры Ю.И. Разореновтің (Ресей), техникалық ғылымдардың докторы, Владикавказ қаласы РАЕН (Солтүстік Осетия) академигі В.И. Голиктің және Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Б.Р. Ракишевтің баяндамалары тыңдалды.      

Секциялық отырыстарында білім беру сапасын арттыру, жоғарыда аталған елдердің ғылымында және өндірісінде заманауи инновацияларды қолдану мәселесі талқыланды.   

Конференция қатысушыларына оның қорытындысына қарай   грамоталар, дипломдар мен сертификаттар табысталды.

Осы іс-шарада қала әкімінің қатысуымен ЕИТИ –дің аумағына жетекші ғалымдардың еллеясын отырғызу іске асты. 

 

 

 

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза