kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Екібастұз қаласының аумағында жоспарлы антитеррористтік оқу-жаттығу өтуде

Бүгін, 13 мамыр күні Екібастұз қаласының аумағында терроризм актілерінің алдын алуға және оның салдарын жоюға бағытталған жоспарлы антитеррористтік оқу-жаттығу өтеді.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Екібстұз қалалық жедел штаб іс-шараның жоспарлы сипатқа ие екенін және күрделіліктің түрлі элементтерімен жауынгерлік жағдайға барынша жақындатылған оқу-жаттығу болып табылатынын хабарлайды.

Іс-шараның мақсаты – терроризмге қарсы күрес жөніндегі Екібастұз қалалық жедел штабы күштері мен құралдарының өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға дайындығын тексеру.

Облыс орталығы қонақтары және тұрғындарынан автокөліктердің қозғалысындағы уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды, сабырлық сақтауды және тек ресми ақпаратты ғана басшылыққа алуды сұраймыз.

Біле тұра жалған ақпарат таратудың ҚР ҚК 274-бабымен көзделген қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын естеріңізге саламыз.

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза