Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Алпысбаев Нұртабыс Мусилимович: Үй: Көше-үй тәртәбі:аула асфальт:

1. Әрине 2017 жылдың наурыз айында сіздің сайтыңызға кіріп, үй кезегі туралы жазғанмын. Қызым жас маман ретінде үй кезегінде тұрады. Бұл үй кезегі қашан жылжиды? Қаланың қай жерлерінде жеке кісілерге үй салынып жатыр? жас мамандар зейнетке (пенсия) шыққанда алама?
2. Өзім Ломоносовада тұрамын. Осы Ломоносовада көше бар. Белгі қойылған. Бірақ кей машиналар қатты жүреді. Жаңбырлы күндері үстіңе су шашып кеттеді. 20-30 деп қойылған белгі (знак) бар, бірақ оған қарамайды. Жүргізушілік куәлігін сатып алғанба? әлде шенеуліктің балаларыма? Кей күндері осы көшемен комаз бен автобустарда өтіп жатады? Осы қалай? Мәжһүр Жүсіп көшесімен астановка Техникум аялдамасында мем №851 автобус 10 маршутпен жүретін автобус, сағат нешеге дейін жүруге міндетті? Графикке (кестеге) бағына ма? Осы 10-автобустың жүру кестесін өз қолыңызға алып дұрыстасаңыз.
Сосын сізге бір өтініш?! Мен өзім осы Ломоносова да тұрамын. Подъездің ішінде тыныштық сақталмайды. Кейбір кісілер бір үй ала алмай жүргенде, олар үйін жалға беріп қояды. Осы қалай? Осы үйлерін жалға беріп отырғандардан салық неге алынбайды? Жеке кәсіпкер деген қолында қағазы барма? Үйін мысалы 35-40 мыңға жалға берсе, соның жартсы мемлекет тарапына берсе, Мемлекетке қаншама пайда түсер еді. Үйін жалға беретіндерде азаяр еді. Үйі жоқ кісілер үйлі болар еді. Үйін жалға бергелі былай тұрсын. Басқа кісілерге зиянын тигізеді. Мысалы: Түнде у-шудан ұйықтай алмаймыз. Темекінң қалдықтары барлық қабаттарда (этаж) шашылған. Мен аула сыпырушыны аяймын. Күнде-күнде келіп тазалап тұрады. Подъезде жағымсыз иіс шығады. әсіресе №115 квартир үйін жалға беріп қойған. мысалға: №117-119 осы үйлер тексерілсе? Кімдер тұрады? Қашаннан бері жалға берілді? Арақ бөткелкесінің қалдықтары терезе алдында шашылып жатады. Олар болмаса.Осыны өзіңіз қадағалап қолға алсаңыз. Бізде сіз сияқты тыныш ұйықтағымыз келеді! Кейде жұмыстан шаршап келеміз, кейде ауырып қаламыз. Өзің ауырып жатқанда мазаң кетеді. Мен осының алдында обылыс мәсілхатының депутаты Қ.Ырғайбектің атына арыз жазғанмын қаңтар-ақпан айларында. Сол арызда маған акиматтан жауап келді. сіздің орныбасарыңыз М.Маликова деген кісіден. Бірақ біз сол кісінің өзін көрген жоқпыз.Ол 146 пәтер иесімен кездестік депті. Сонда кіммен кездесіп жүр. неге жауапқа өтірік жазады? келмек түгілі оның түрінде көрмедік. сонда ол кіммен кездесті. Креслода отырыппа, әлде түсінде кездестіма? Маликова деген кісінің кім екенінде білмейтін едім. арыздың жауабына әкім орынбасары М.Маликова депті
3.осындай дұрыс жауап берілмегеннің кесірінен. 2015 жылы июль айының 8 күні подъездің алдын асфальттау туралы өтініш жазғанмын. Сол өтініштің жауабы кейіннен келді. Л. Яценко деген кісіден. Бірақ бұл кісі сол мекемеде жұмыс істемейтін шығар. Бірақ орнында басқа кісі жұмыс істеп жатыр. 2015 жылдан бері әлі Ломоносова 11-дің алды асфальталмай келеді. Бұл мекеменің басшысы Жолаушылар көлігі және автомабиль жолдар бөлімінің мекемесі. Бірақ ол кезде жауапты орысша жазыпты. кешіріңіз әрине мен сіздің сайтыңызға қазақша жазып отырмын.Әр мекемеде аудармашы жұмыс істейді, түсінбесеңіз аудырмашыға аудартып аларсыз. Тек осы жазған өтініштерімді аяқсыз қалдырмасаңыз екен. Өзіңіз аралап көрсеңіз жақсы болар еді. Жауабын өзіңізден күтем. Тек М.Маликова сияқты кісілерге тапсырмаңызшы. Әкмісіз қадағалаңызшы. "ӘКІМ БОЛ, ХАЛЫҚҚА ЖАҚЫН БОЛ"-деген қағиданы естен шығармаған жөн-ау.

Құрметті Нұртабыс Мусилимович! Сіздің Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтына № 10 маршруттық автобустары қозғалысының кестесі, пәтер және Ломоносов көшесі 11 мекенжайындағы орамішілік аумақты асфальттау мәселелері жөнінде келіп түскен өтінішіңізге мынаны хабарлаймын.

Қалалық № 10 маршруттарға «Кайрат-ЭК» ЖШС тасымалдаушысы қызмет көрсетеді. Күн сайын бұл бағытта қозғалыс интервалы 14 минут 5 автобус жұмылдырылған.

ТҮКШ бөлімі ағымдағы жылдың 12-15 мамырында бұл бағытта орынға барумен №10 маршруттардың қозғалыс интервалын сақтауына тексеріс жүргізді. Тексеріс барысында маршрут қозғалыстары қатаң бекітілген кестеге сәйкес жүргізілетіні анықталды.

Тасымалдаушылармен қозғалыс интервалы бұзылған жағдайда «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (775930, 741032 тел) жүгінуді ұсынамын.

Пәтер мәселесіне қатысты Сіздің қызыңыз - Ажар Нуртабысовна Мусилимова мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін мұқтаждар есебіне «бюджеттік ұйым қызметкері» санаты бойынша Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30.10. № 1305 қаулысымен кезекке қойылған.

Қазіргі таңда аз. А.Н.Мусилимова мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін мұқтаждар есебінде № 1824 болып тұр.

Аз. А.Н.Мусилимованың кезек динамикасы:2015 жылы-1989, 2016 жылы-1915, 2017 жылы-1824.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабына сәйкес мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген кезден бастап тiзiмде белгiленген кезек ретiмен берiледi.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды.

Осыған байланысты Екібастұз қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй аз. А.Н.Мусилимоваға қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның кезегі келгенде берілетін болады.

Сонымен қатар, «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мамандары тексеру барысында бұл мекенжай бойынша орамішілік аумақта асфальтбетонды жабындыларды жөндеу қажет екенін анықтағанын қосымша хабарлаймын.

Ағымдағы жылы бұл орамішілік аумақта жөндеу жұмыстарын жүргізу қала тұрғындарынан келіп түскен өтінімдер мен ұсынымдар саны 2017 жылға қарастырылған көлемнен асып кетуіне байланысты мүмкін емес.