Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



№ 10-ө ӨКІМ

2013 жылғы 22 ақпан


 

Екібастұз қаласы әкімінің мадақтаулары туралы

 

  1. Қала әкімінің 2010 жылғы 20 шілдедегі “Екібастұз қаласы әкімінің мадақтаулары туралы” № 30 шешіміне сәйкес, Екібастұз қаласының қоғамдық жұмысына белсене қатысқаны, ұлттық салт-дәстүрді насихаттағаны, ұлтаралық келісімді, жастардың рухани адамгершілік тәрбиесін дамытуда қосқан елеулі үлесі үшін және «Мұсылман әйелдерінің Екібастұз қалалық лигасы» ҚБ құрылғанына 10 жыл толуына байланысты:

 

«Екібастұз қаласының алдында сіңірген еңбегі үшін» Белгісімен наградталсын

1

Жаңыл Қорғанбаева

«Мұсылман әйелдерінің Екібастұз қалалық лигасы» ҚБ-нің төрағасы

 

  2.   Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы Е.М. Қабдылов  қала әкімінің  мадақтауларын салтанатты түрде тапсыруды қамтамасыз етсін. 

   

Екібастұз қаласының

 әкімі                                                               А. Вербняк