Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Футбол жарыстары»

2017 жылдың 7 мамырында № 4 БЖСМ КМҚК-да Отан қорғаушылар күні мен ҰОС Жеңіс күніне арналған 2006-2007 ж.т. жасөспірімдер арасындағы шағын футболдан ашық Біріншілігі өтті. Жарыстарға 2006-2007 ж.т. № 4 БЖСМ жасөспірімдері мен № 11 ЖББОМ, № 24 ЖББОМ қатысты. Біріншілікке барлығы 40 адам қатысты. Футбол жарыстары бес сағатқа созылды, нәтижесінде үшінші орынды екі команда № 11 ЖББОМ мен 2006 ж.т. жасөспірімдердің екінші құрамы бөліп алды.

Финалдық күрес 2006 ж.т. жасөспірімдер (1 құрам) мен 2007 ж.т. жасөспірімдер командалары арасында болды, 5:2 есеппен 2006 ж.т. жасөспірімдер жеңіске жетті.

Төреші корпусының шешімі бойынша жас футболшылар арасындағы номинациялар келесі түрде бөлінді:

«Үздік ойыншы» - Даниил Волков № 5 ЖББОМ

«Үздік шабуылшы» - Александр Харченко № 4 ЖББОМ

«Үздік қорғаушы» - Абильмансур Еламан № 26 ЖББОМ 

«Үздік қақпашы» - Адлет Амантаев № 1 ЖББОМ 

«Үздік бомбардир» - Алимжан Касен № 7 ЖББОМ.    

Спортшыларды дайындаған жаттықтырушылар Евгений Николаевич Скоробогатский, Юрий Алексеевич Карзаков және Ерганат Аубакирович Каирбеков.

№ 4 БЖСМ КМҚК директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары                                                      Л.А. Симутина