Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Павлодар облысында көмек көрсету бойынша қайырымдылық акциясы жарияланды

Павлодар облысында Солтүстік Қазақстан облысының су тасқыны мен су басу жағдайынан зардап шеккендерге мүмкіндігінше көмек жинау бойынша акция жарияланды.

Екібастұз қаласы да осы акцияға  қатысты. «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1 »ЖШС, әлеуметтік сала қызметкерлері, қала тұрғындары, сондай-ақ депутаттар қалыс қалмады.

Бүгінде азық-түлік, сабын жуғыш заттар мен  төсек - орын керек-жарақтарынан гуманитарлық жүк қалыптастырылды. Біздің КАМАЗдар СҚО-ға Павлодар қаласынан ағымдағы жылдың 5 мамырында жөнелтілетін автомашиналар керуеніне қосылатын болады.