kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Екібастұз қаласы әкімдігі атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері аттестаттау өткізілді

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу туралы» № 404 Жарлығына сәйкес Екібастұз қаласы әкімдігі атқарушы органдары «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттау өткізілді.

Мемқызметшілер аттестаттаудың бірнеше кезеңінен өтті: бағалау парағын толтыру, жеке құзыреттерін бағалауға арналған тестілеу және пікіралысу. Оның қорытындысына қарай аттестаттау комиссиясы шешім қабылдады.

Комиссия қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында аттестаттау комиссиясының құрамына мемлекеттік қызметшілерден басқа, қоғамдық кеңестердің, академиялық ортаның және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кірді.

Екібастұз қаласының атқарушы органдарында аттестаттаудан өтуге 169 мемлекеттік қызметші жатты, 165 мемлекеттік қызметші аттестаттаудан өтті.

Екінші деңгей бойынша 28 мемлекеттік қызметші жатты, 26-сы өтті. Уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты 2 мемқызметші аттестаттаудан өтпеді.

         26 мемлекеттік қызметшіден: 2-і атқарып отырған мемлекеттік  лауазымына  сай келеді және лауазымын жоғарлатуға ұсынылады, 24-і атқарып отырған мемлекеттік  лауазымына  сай келеді.

Үшінші деңгей бойынша 141 мемлекеттік қызметші аттестаттауға жатты, атестаттаудан -139-і өтті. Уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты 2 мемқызметші өтпеді.

         139 мемлекеттік қызметшіден: 6-ы атқарып отырған мемлекеттік  лауазымына  сай және лауазымын жоғарлатуға ұсынылды, 132-сі атқарып отырған мемлекеттік  лауазымына  сай, 1-і атқарып отырған мемлекеттік  лауазымына  сай келмейді және лауазымын төмендету ұсынылды.

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза