Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Технологиядан «Роботикc. EKB» I қалалық фестивалі

«Қайнар» ББК базасында  2017 жылдың 4- мамырында сағат 15.00-де  технологиядан Екібастұз қаласының 60 жылдығына арналған білім мекемелерінің робототехника көрмесі- «Роботикc. EKB» I қалалық  фестивалі өтті.

Фестиваль –көрмеде  №№2,13,17,18,21,23,24 орта мектептерден, №22,26,35 мектеп-гимназияларынан, №1,6,36 мектеп-лицейлерінен, облыстық көпсалалы  көптілдік лицейден, «Қайнар» білім беру – бос уақытты өткізу  кешенінен 23 команда қатысты. Қатысушылардың жасы  11- ден  17 жасқа дейінгілер.

 Әр  команда  бағдарламаға сәйкес  бір  роботты жинақтап көрсетті, келесі түрлері   бойынша  көрсетілімдерді  ұсынды :

- Робо-сумо - 4 команда;

- сызық бойынша  жүру - 6 команда;

- кегельринг-1 команда;

- шығармашылық категориясы -12 команда.

Технологиядан  «Роботикc. EKB»  фестивалінің қазылар алқасының құрамына қала мен облыстың   құзырлы мамандары кірді:

- Наталия Николаевна Титова – Қазақстан  Федерациясының  «Казроботикс»  білім беру және спорттық  робототехникасының  облыстық филиалының  директоры;  

- Евгений Александрович Смирнов - Павлодар  қаласының көлік және коммуникация колледжінің  ақпараттық  технологиялар зертханасының меңгерушісі ;

- Владимир  Александрович Тюлин - «БК» кеніші бастауыш партия  тобының  төрағасы

 Барлық фестивальға қатысушылар  ескерткіш  сыйлықтармен,  кубоктармен және  жалауша-вымпелдермен марапатталды.