Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



2017 жылғы «1» мамырдағы жағдай бойынша ауылдық округтер, ауылдар мен кенттер әкімдерінің тұрғындармен өткізген есептік кездесулері барысында айтылған ескертулер мен ұсыныстарды 2017 жылдың бірінші тоқсанында іске асыру барысы туралы

Р/с

Ескертулер мен ұсыныстардың қысқаша мазмұны, ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру бойынша белгіленген шаралар

Орындаушы-лар,

орындау мерзімі

Орындау барысы

Ескертпе

(бақылау мерзімі ұзартылды, бақылаудан алынды немесе бақылауда тұр)

1.

Мыңтомар ауылындағы иесіз объектілерді бұзып шығару

2017 жылғы

тамыз

Е.Б.Мырзабеков,

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары

М.К.Куспеков,

Екібастұз ауылдық округінің әкімі

Мыңтомар ауылындағы иесіз объектілерді бұзып шығаруға «Бирюкова» ЖК-мен шарт жасалды. Жұмыстарды бастау а.ж. мамыр айына жоспарлануда.

бақылауда

2.

Бөгет арқылы Талдықамыс ауылына дейін Әулиекөл өзеніне апаратын автомобиль жолдарына құбыр салу

2017 жылғы

шілде

Е.Б.Мырзабеков,

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары

М.К.Куспеков,

Екібастұз ауылдық округінің әкімі

Бөгет арқылы Талдықамыс ауылына дейін Әулиекөл өзеніне апаратын автомобиль жолдарына құбыр салынды.

Бақылаудан алынды

3.

Тай ауылындағы иесіз объектілерді бұзып шығару

2017 жылғы тамыз

Е.Б. Мырзабеков,

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары

М.К.Куспеков,

Екібастұз ауылдық округінің әкімі

Тай ауылындағы иесіз объектілерді бұзып шығаруға «Бирюкова» ЖК-мен шарт жасалды. Жұмыстарды бастау а.ж. мамыр айына жоспарлануда.

Бақылауда

4.

Қаражар ауылындағы КБМ –ны жөндеу

2017 жылғы

шілде

Е.Б. Мырзабеков,

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары

М.К.Куспеков,

Екібастұз ауылдық округінің әкімі

Су тасқынына байланысты Қаражар ауылына дейінгі автожол шайылып кетті, осы орайда аталған ауылға жүру қиындық тудырып отыр, әрі мердігер жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ауылға өтуге мүмкіндік болмай тұр. Қазіргі уақытта «ЭкВо-Сервис» ЖШС мамандарымен Қаражар ауылына тасыған су арқылы өткел орнату мәселесі қаралуда.

Бақылауда

5.

Бозшакөл ауылына музыкалық аппаратура сатып алу

2017 жылдың

2-тоқсаны

Е.Б.Иманзаипов,

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары,

Б.Ж.Тасимов,

Төртқұдық ауылдық округінің әкімі

Бозшакөл ауылында клубтағы бар музыкалық аппаратура жөнделді. Бозшакөл ауылына жаңа музыкалық аппаратура сатып алу қажеттілігі жоқ. Осы мәселе жергілікті қоғамдастықпен келісілді.

Бақылаудан алынды

6.

Төртқұдық ауылындағы зираттарды қоршау

2017 жылдың

2-тоқсаны

Е.Б.Иманзаипов,

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары,

Б.Ж.Тасимов,

Төртқұдық ауылдық округінің әкімі

«Стронг групп» ЖШС шартқа қол қоюдан бас тартты. Қайта конкурс жариялау кезінде шарт «Баскакова» ЖК-мен жасалды. Жұмыстарды аяқтау а.ж. мамыр айына жоспарланып отыр.

Бақылауда

7.

Атығай ауылында жолдарды жөндеу

2017 жылғы

маусым

Е.Б.Иманзаипов,

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары,

Д. Амантай,

Бәйет ауылдық округінің әкімі

Атығай ауылындағы жолдарды жөндеуге конкурстың қорытындысы бойынша а.ж. 27 наурызында «Мультигрупп» ЖШС –мен шарт жасалды. Жұмыстарды аяқтау а.ж. маусым айына жоспарланып отыр.

Бақылауда

8.

Құдайкөл ауылына кіре беріс арка орнату

2017 жылғы

шілде

М.Д.Маликова,

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары,

Е.Ж.Кабылтаев,

Құдайкөл ауылдық округінің әкімі

Құдайкөл ауылына кіре беріс арка орнатуға конкурс жариялау а.ж. мамырына жоспарлануда.

Бақылауда

9.

Шиқылдақ ауылында Даңқ Обелискісі саяжолын орналастыру

2017 жылдың

2-тоқсаны

С.А.Гладышева,

«Нұр Отан» партиясы Екібастұз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

(келісім бойынша )

Г.Т.Енсебаева,

Шикылдақ ауылының әкімі

Даңқ Алаңын Шиқылдақ ауылы әкімі аппаратының теңгеріміне қабылдау жұмыстары атқарылуда, қазіргі уақытта құжаттар жер жобасын әзірлеуде тұр.

Бақылауда

10.

Бәйет ауылына кіре беріс арка орнату

2017 жылғы

шілде

Е.Б.Иманзаипов,

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары,

Д. Амантай,

Бәйет ауылдық округінің әкімі

А.ж. 27 наурызында Бәйет ауылына кіре беріс арка орнатуға «Арлан-ЕК» ЖШС-мен шарт жасалды. Жұмыстарды аяқтау а.ж. шілде айына жоспарланып отыр.

Бақылауда

11.

Шідерті кентінің Юбилейный көшесіне көше жарықтарын орнату туралы

2017 жылғы

тамыз

Е.Б.Иманзаипов,

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары,

Ж.Жанымхан,

Шідерті кентінің әкімі

Шідерті кентінің Юбилейный көшесіне көше жарықтарын орнату жұмыстары аяқталды

Бақылаудан алынды

12.

Құлакөл ауылына кіре беріс арка орнату

2017 жылғы

маусым

М.Д.Маликова,

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары,

Е.Е.Касеналин,

Теміржол ауылдық округінің әкімі

Құлакөл ауылына кіре беріс арка орнатуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ сомасының жеткіліксіз болуына байланысты кіре беріс арка орнатуға жергілікті бюджеттен қосымша қаражат қажет.

Бақылауда

13.

Сарықамыс ауылының клубын қоршау

2017 жылғы

шілде

М.Д.Маликова,

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары,

М.К.Сейсембаев,

Сарықамыс ауылдық округінің әкімі

Конкурстың қорытындысы бойынша «Метал мастер» ЖШС–мен шарт жасалды. Жұмыстарды аяқтау а.ж. маусым айына жоспарланып отыр.

Бақылауда

14.

Солнечный кентіне кіре беріс арка орнату

2017 жылғы

тамыз

Е.Б.Иманзаипов,

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары,

М.К .Алшимбаева,

Солнечный кентінің әкімі

Конкурстың қорытындысы бойынша «СТРОЙ БИЗНЕС - ЕКИБАСТУЗ» ЖШС жеңімпаз болып табылады. Жұмыстарды орындау мерзімі 2017 жылдың 31 шілдесіне дейін.

Бақылауда