Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласында М.И.Глинка атындағы балалар музыка мектебінің есеп беру концерті

Ағымдағы жылдың 28 сәуір күні Екібастұз қ. М.И.Глинка атындағы кезекті есеп беру концерті өтті. Оқушылар мен оқытушылардың домбыраларынан төгілген сан алуан күйлермен қоса, қобыз, скрипка, фортепиано, баян, аккордеон, шертер, саксафон, гитара, барабан, флейта, кларнет сынды әр түрлі музыкалық аспаптарда ойналған Ұлы композиторлардың шығармалары өнер сүйер қауымды бір тәнтті етті. Сондай-ақ, вокалдық-хор бөлімінің оқушылары күміс дауыстарымен концертке ерекше рең бергендей болды.

Оқу жылын қорытындылай келе әр түрлі концерттерге белсенді қатысқан және байқауларда жүлдемен оралған оқушылар грамоталармен марапатталды. Оқытушыларға жоғарғы кәсібилігі мен аянбай еңбектенгендері үшін алғыс хаттар табысталды. Биылғы жылы «Жыл оқушысы» номинациясы фортепиано сыныбының оқушысы Нелли Рерихке бұйырды. «Мектеп үміті» номинациясы Ильяс Ситиковқа, «Жас виртуоз» номинациясы Амина Габдуллинаға, «Дәстүр және жаңашылдық» номинациясы Айым Мэлсқа, «Жыл жаңалығы» номинациясы Ксения Бочароваға, «Ғажайып дауыс» номинациясы Илья Аверинге, «Дарын және талпыныс» номинациясы Саяжан Нұғмановаға берілді.

Қысқасы, музыка мектебінің есеп беру концерті өте тартымды өтті. Мұның бәрі оқытушылардың еңбектерінің өтелгені және маңдайтері, соның жемісі мен жеңісі!!!