Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Еуропалық иммундау аптасы

Вакцинаға қатысты Еуропалық іс-әрекет жоспары барлық адамдарды  инфекциялардың ауыртпалығынан ерікті ететін болашаққа жетер жол картасы болып саналады. Осы бағыттағы анық өрлеуге, оның ішінде  Еуропа аймақтарында қызылша мен қызамықты болдырмау бойынша сәтті күш салуларға  қарамастан, белгілі бір проблемалар әлі де орын алуда. Халықтың барлық топтарында балаларды иммундаумен қамту оңтайлы деңгейге әлі де жеткен жоқ, кейбір мемлекеттерде ол тіпті төмендеп жатыр. Жасөспірімдер мен ересектер өздерін және қоршаған адамдарын қауіпті аурулардан қорғайтын вакцина қажеттігі туралы көбінесе білмейді. Еуропалық аймақта иммундау олқылықтары барлық жастағы адамдарды зақымдайтын басқарылатын инфекциялардың жаппай тууына әкеліп соқты. 

2017 жылы Еуропалық иммундау аптасының мақсаты барлық аймақтарда популяциялық иммунитетті қалыптастыру мен қолдау үшін бүкіл өмір бойы иммундаудың маңыздылығы туралы хабардар болуын арттыру саналады.

Иммундау аптасын сонымен қатар ДДСҰ-ның басқа да аймақтарында және бүкіл әлемде жүргізетін болады. Екібастұз аймағында иммундау аптасы 2017 жылғы 24-30 сәуір аралығында «Вакциналар әсер етеді!» үндеуімен жүргізіледі.