Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөнінде қалалық комиссисының кезекті отырысы өтті

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою қалалық комиссиясының жоспарына сай кезекті отырыс 2017 жылдың 24 сәуірінде Екібастұз қаласы әкімдігінің кіші залында өтті, аталмыш комиссияға Екібастұз қаласының әкімі К.Т.Нукенов төрағалық етті.

        Отырыста үш сұрақ талқыланды қансорғыш жәндіктердің қауымдастығын азайту туралы, мемлекеттік басқару органдарымен, қаланың кәсіпорындары мен ұйымдардарында қауіпті өрт мезгіліне дайындалу туралы қабылданылған шаралар, сондай-ақ  Екібастұз қаласындағы және Солнечный кентінде су беру және жүйелерге бөлу, ағын суларды бұру бойынша тұтынушыларға көрсетілетін қызметтің тарифтерін қарасытру туралы сұрақтары қаралды.

Отырыс нәтижесі бойынша комиссия төрағасымен жұмысқа қолайлы жағдай тудыру, сондай-ақ  инфекциялық паразиттік аурулардың  және қауіпті өрт мезгіліндегі төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында әр бағытқа сай тапсырыстар берілді.

             

 

 

Г.К. Макенова, Екібастұз қаласы ТЖ

басқармасы

ТЖ ескерту тобының

 бас маманы