Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Қала қоржынына»

Сәуір айының 23-інде Петропавл қаласында 2002 ж.т. жасөспірімдер жас тобында шайбалы хоккейден «Б» тобындағы Қазақстан Республикасы Чемпионатының қорытынды үшінші туры аяқталды.

Екібастұз қаласын ПСО хоккей клубының құрама командасы мен № 4 БЖСМ тәрбиеленушілері таныстырды. Чемпионат хоккей клубтарының 6 командасының қатысуымен үш турда өтті: «Арлан» (Көкшетау қ.), «Құлагер» (Петропавл қ.), «Горняк» (Рудный қ.), СДБАМИ (спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, Өскемен қ.), № 18 ОРМБЖМ (олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі, Алматы қ.) және Екібастұз командасы.

Жеребе тастау бойынша бірінші ойын жеңіске үміткер «Арланға» бұйырды, бұл қарсыласпен біздің балалардың алдыңғы екі тур бойынша «өз есептері» болды. Ойынға мұқият көңіл бөлді, ал қарсылас өзіне-өзі тым сенімді болғандықтан есесін қайырды. Өз қақпасына бес шайба жіберді және бізге тек 3 шайба соқты. Ойын нәтижесін шығара отырып, біздің балалар Диас Шайдоллов, Виктор Музофаров, Төлеш Ақтаев, Дмитрий Грицына сияқты өз күшіне сену керек.    

«Құлагермен» екінші ойын да оңайға түскен жоқ, команда турнир кестесінде екінші көшбасшы. Бұл ойын біздің команда мен 3-інші тур жағдайы үшін барлығын шешті және әрине жеңіс керек болды. Ойынның бірінші кезеңінде біз көш бастадық, бірақ басымдылықты ұстай алмадық. Нәтижесінде 5:3 есеппен жеңілдік.

Үшінші ойында Өскемен мектеп интернатын 9:1 есеппен жеңдік. Алматы командасының келмей қалуына байланысты бізге 5:0 жеңіс берілді.

Турнирлік кестенің нәтижелері мынадай:

1 орын – «Арлан» (Көкшетау қ.),

2 орын – «Құлагер» (Петропавл қ.),

3 орын – Екібастұз,

4 орын – № 18 ОРМБЖМ (Алматы қ.),

5 орын – СДБАМИ (Өскемен қ.),

6 орын – «Горняк» (Рудный қ.).

         Бапкерлік құрам Евгений Вячеславович Афанасьев пен Сергей Леонидович Шерстобитов қақпашы Илья Костюковтың, қорғаушылар Егор Гамзин мен Төлеш Ақтаевтың жақсы ойынын атап өтті. Шабуылшы Артем Головаш бар ынтасымен және үлкен қарқынмен жұмыс істеді.

  

№ 4 БЖСМ КМҚК

директорының орынбасары                                                    Л.А. Симутина