Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» бірлескен Павлодар облысы әкімдігінің қаулысы мен Павлодар облыстық мәслихатының шешімінің жобасына БАСПАСӨЗ - РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңы 11-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2- тармағына сәйкес, Екібастұз қаласы өкілді және атқарушы органдарының пікірлерін ескере отыра, Павлодар облысы әкімдігі мен Павлодар облыстық мәслихаты Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімшілік-аумақтық  құрылысына өзгерістер енгізу жөніндегі қаулы мен шешімнің жобасын әзірледі.

Бұл бірлескен Павлодар облысы әкімдігінің қаулысы мен  Павлодар облыстық мәслихатының шешімінің мақсаты тұрақты әлеуметтік –экономикалық даму үшін Екібастұз қаласының ауылдық елді мекендерін оңтайландыру болып  табылады.

Бірлескен қаулы мен шешімнің жобасы қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді және әлеуметтік-экономикалық және құқықтық кері салдарға алып келмейді.