kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Қауіпті көршілер – кеміргіштер!

Кеміргіштер тек инфрақұрылым объектілеріне орасан зор зиян келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар халық денсаулығына қауіптілік төндіреді. Егеуқұйрықтар мен үй тышқандары туляремия, лептоспироз, иерсиниоз, псевдотуберкулез, листериоз және осы сияқты тағы басқа адамның 50-ден астам ауруының қайнар көздері болып саналады.  Кеміргіштер тіпті барлық құрылыстар мен объектілерде (қоғамдық тамақтану кәсіпорындары, тұрғын үйлер, өнеркәсіптік кәсіпорындар, азық-түлік және жемді қоймалыр және т.б.) өмір сүріп, көбейеді. Сондықтан елді мекендерде өмір сүретін  кеміргіштерді жою бойынша жұмыс халықтың эпидемиологиялық салауатылығының кепілі болып есептеледі.

Кеміргіштер санын азайту үшін және аса қауіпті инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын болдырмау мақсатында жыл сайын республикалық бюджеттен қалаларда синантропты кеміргіштерге қарсы  дератизацияның көктемгі және күзгі турын жүргізу үшін қаражат бөлінеді.

Ғимараттың санитариялық-техникалық нашар жағдайы, жертөлелердің қоқырсып жатуы, қоқыстардың жүйесіз шығарылуы егеуқұрықтар санының көбеюіне алып келеді. Сол кезде мазасыз қауіпті кеміргіштерден толық құтылуға мүмкіндік болмайды. Оларды химиялық дәрі-дәрмектермен улау 80-90%-ға ғана  тиімді, тірі қалғандары өз ұрпағын жылдам көбейтеді, жылына егеуқұйрық төрт немесе бес рет балалайды және  дүниеге он, тіпті жиырма ұрпақ әкеледі, ал жас буын үш айдан соң ұрықтанады. Бір жұп егеуқұйрық жылына бірнеше жүз ұрпақ әкелу мүмкін.

Егеуқұйрық өте қу жануар, оның аман қалу түйсігі айқын байқалады.   Бір қызығы бұл жануар у жемінің белгілі бір түрін бір рет қана қабылдайды, сондықтан әркезде оны ауыстырып тұру қажет. Егер ол қасындағы көрші егеуқұйрықтардың уланып, өліп жатқанын көрсе, онда ол улы жемді қабылдамайды. У жануарлардың ағзасында бірте-бірте жиналады, 5-10 күн өткен соң ағзада қан кетеді.

Дератизацияның тұрақты нәтижесіне жету үшін екі кезеңдік өңдеулер жеткіліксіз. Өңдеулерді жұмыстың көлемін қамтамасыз ететін  ПИК-пен келісімшартқа отыру бойынша  қоқыс құбыры камераларын, жертөлелерді, қоқыс жиналатын алаңдарды  алды ала тазартылуын ай сайын жүргізу керек.

Әрине дератизация, көп қаржыны жұмсайтын іс, дегенмен қажет іс, жоғары нәтижелерді береді. Дератизацияны барлығымыз жаппай жүргізген жөн және кезең сайын емес, жүйелік түрде, әйтпесе барлық жасаған еңбегіңіз тектен кету мүмкін.

Тек тышқандар мен егеуқұйрықтарды жоюға, олардың өмір сүруі мен көбеюіне қолайсыз жағдай жасауға бағытталған жүйелі іс-шаралар ғана қаланы кеміргіштерден құтқарады. Осы жағдайлардың қатары – құрғақ жертөлелер, қабырғаларда тесіктердің, зиянкестерге арналған азық пен судың, олар мекендейтін бос және қоқыс басқан жайлардың болмауы.

 

Екібастұз қалалық

 тұтынушылардың құқықтарын

қорғау басқармасының бас маманы                         А.О. Жимайлова

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза