Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Дератизация

Егеу құйрықтардың эпидемиологиялық маңыздылығы. Егеуқұйрықтар мен тышқандар адамның ең қауіпті көршілері болып саналатын жер шарында аса көп таралған кеміргіштер отрядына жатады. Кеміргіштер орасан зор экономикалық зиян (үйлерде азық-түліктерді жейді, ластайды және бүлдіреді, құрылыс материалдарын жарамсыз етеді) келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар туляремия, лептоспироз, иерсиниоз, псевдотуберкулез, листериоз, егеуқұйрықты бөртпе және осы сияқты тағы басқа адамға 50-ден астам ауруды жұқтырушы болып саналады. 

Тағам азық-түліктері мен су егеуқұйрықтардың нәжістерімен ластануы арқылы, егеуқұйрықтардың бойында жүретін бүргелердің шағуы арқылы аса жиі жұғады.

Сұр егеуқұйрықтың мекендейтін жері.Көп қабатты тұрғын үйлерде сұр тышқандар жертөлелерді, қоқыс камераларын, белгілі бір жағдайларда бірінші және келесі қабаттарды мекендейді. Жеңіл кемірілетін материалдар пайдаланылатын ғимараттың конструктивті элементтері егеуқұйрықтардың өмір сүруіне қолайлы болып саналады.

Судың болуы (судың басуы, ағуы) жертөлелердің сұр егеуқұйрықтарға толуының бірден бір  факторы болып саналады. Егеуқұйрықтардың өмір сүру түйсігі мынадай болып келеді: егер егеуқұйрық ішектік уланса, онда ол асқазанын шаю үшін су іздей бастайды.

Егеуқұйрықтардың көбеюі. Сұр егеуқұйрықтар, басқа да тышқан тәрізді кеміргіштер сияқты асқан тұқымдылыққа ие. Жылытылатын жайларда көбеюлері жыл бойы жалғасады, әрбір 1-3 айда ұрықтанып (жүктілік 22-26 күнге дейін созылады), жылына 8 ретке дейін жүкті болу  мүмкін.  Дүниеге әкелген кезде 1-20 ұрық, орташа есеппен 9-10 егеуқұйрық әкелу мүмкін. Босанғаннан кейін 18 сағат өткен соң ұрғашылар қайтадан жұптасады, ал олардан туған егеуқұйрықтар 3 айдан соң жыныс мүшелері жетілген болып келеді. Олардың қарқынды көбеюі толық емес дератизациядан кейін өседі. Егеуқұйрықтар бұдан бұрын  жойылған санын 1 ай ішінде қалпына келтіре алады.

Дератизациялық іс-шаралар. Дератизация құрамына профилактикалық және жою іс-шаралары енетін кешенді іс-шаралардың жүргізілуін қарастырады.  Тұрғын үйлерге қызмет көрсететін ПИК төрағалары кеміргіштерге қарсы өңдеу жүргізуге дезинфекциялық фирмалармен шарт жасасу қажет. Егер егеуқұйрықтардың өмір сүруі мен көбеюі үшін қолайлы орта жасайтын жағдайлар (қоқыс тастайтын камераларда қоқыстың уақытылы емес және сапасыз шығарылымы, боқтыққа толуы, судың болуы және індер мен тесіктердің бітелмеуі) жойылмаған сайын дертаизациялық іс-шаралар тиісті нәтиже бермейтіндігін ескеру қажет.

Сонымен қатар кез келген жайлардың өңделімі әлі де болса олардың иелерінің айрықша құзіреттілігі болып саналатындығын еске сақтаған жөн.

Сондықтан да кеміргіштер санын азайту бойынша тұрақты нәтижеге жету үшін дератизацияны ай сайын өткізу, ал егеуқұйрықтардың саны көп объектілердегіөңдеулердің жиілігін арттыруұсынылады.

 

Екібастұз қалалық тұтынушылардың

 құқықтарын қорғау басқармасының

 бас маманы                                                                          А.О. Жимайлова