Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Павлодар облысы әкімдігінің және Павлодар облыстық мәслихатының «Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» бірлескен қаулысы мен шешімінің жобасы

Жоба

  

БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ МЕН ШЕШІМ

(VI сайланған (кезектен тыс), ХIII сессиясы)

№ 00/13

Павлодар қаласы                                                                                                                                                                                 2017 жылы

Павлодар облысы Екібастұз

қаласының әкімшілік-аумақтық

құрылысындағы өзгерістер

туралы

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңы 11-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қаласы өкілді және атқарушы органдарының пікірлерін ескере отыра, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) Екібастұз қаласының Құдайкөл ауылдық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын;

Құдайкөл мен Қарасор ауылдары жер пайдалану шегіндегі аумағымен Екібастұз қаласы Теміржол ауылдық округінің әкімшілік бағынысына берілсін;

2) Бесқауға ауылы жер пайдалану шегіндегі аумағымен Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округінің әкімшілік бағынысына берілсін;

Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округінің орталығы болып Бесқауға ауылы белгіленсін.

2. Осы бірлескен қаулының және шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы бірлескен қаулы мен шешім ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Павлодар облысының

әкімі

____________ Б. Бақауов

Сессия төрағасы

 

____________ Г. Абишева

 

Облыстық мәслихаттың

хатшысы

____________ В. Берковский                                          

 

Пікір жазу

  • Міндетті өрістер таңбаланған *.