Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Б» корпусы төменгі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс

«Б» корпусы төменгі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары    Е-4, E-R-4 санаттары үшін: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалықжәне кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» № 85 бұйрығына сәйкес.

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

 

min

max

Е-4

77452,33

104935,42

E-R-4

73288,23

99105,67

 

«Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ, 141200, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 45-үй, анықтама телефондары/факс: 340856, электрондық мекенжайы: aitkeshova.ae@pavlodar.gov.kz, «Б» корпусы төменгі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға

жалпы конкурс жариялайды 

1. «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқық бөлімінің бас маманы, E-4 санаты, (№01-1-11-3), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Екібастұз қаласы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының, ауылдық округтер, кенттер мен ауылдар әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесін үйлестіру. Бақылау іс-шараларын және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына  мониторинг жүргізу. Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі хаттамалардың, қаулылардың есебін жүргізу. Азаматтық, салық, еңбек заңнамаларын және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы іске асыруда қала әкімі аппаратының бөлімдеріне, дербес атқарушы органдарға кеңестік көмек беру. Қала әкімі аппаратының, әкімдіктің жұмысын құқықтық қамтамасыз ету. Азаматтардың ауызша және жазбаша өтініштерін қарау.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім (құқық саласындағы), мемлекеттік қызмет өтілі - бір жылдан кем емес немесе осы санаттың нақты лауазымының функциональдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс тәжiрибесi болған жағдайда техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (құқық саласындағы) білімі барларға рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ қорғаншылық және  қамқоршылық секторының бас маманы, E-R-4 санаты, (№02-06-01-3-2), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Өз өкілеттігіне  сәйкес жоғары тұрған ұйымдардың бұйрықтарын, қала әкімі шешімінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымдарында тәрбие мәселесі  бойынша бағдарламалар мен  тұжырымдаманың орындалуын  бақылауды жүзеге асырады. Білім беру мекемелерінің құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, тәрбие жұмысы бойынша және көпшілік шараларды құқық қорғау органдарымен, атқарушы органдармен, «Қайнар» ББК-мен бірлесіп өткізуін үйлестіреді. Оқушылардың жазғы демалысын, шефтік жұмысын ұйымдастыру  бойынша   жұмысты  бақылайды. Тәрбие жұмысының түрлі аспектілері бойынша статистикалық есепті дайындауды жүзеге асырады, жоғары тұрған орындарға құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мәселелері бойынша талдау материалдарын  дайындайды.

Тәрбие жұмысын бақылау бойынша білім беру мекемелеріне шығады. Кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдердің құқығын қорғау бойынша қалалық Комиссияның тапсырмаларының орындалуы бойынша жұмыс жүргізеді, балалар  мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс бойынша ақпарат жинайды, мәліметтер жиынтығын құрады, мониторинг  жүргізеді. Қиын балалармен жұмыс бойынша бағдарламалар, ережелер, әдістемелік ұсыныстарды «Қайнар» ББК-мен бірлесіп әзірлейді. Психологиялық қызмет Орталығының жұмысын үйлестіреді.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары  (білім беру саласында; құқық саласында, әлеуметтік ғылымдар, экономика және  бизнес саласында: мемлекеттік және жергілікті басқару), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім (білім саласында; құқық саласында) барларға рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

3. «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» ММ бюджеттің кіріс және шығыс бөлігін орындау және талдау секторының бас маманы (уақытша бос лауазым), E-R-4 санаты, (№02-01-01-4-2), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Ауыл округтері мен кенттер әкімдері аппараттарының  міндеттемелері мен төлемдеріне қатысты бюджеттік бағдарламалардың қаржыландыру жоспарын орындау жөніндегі мерзімді және жылдық есептіліктің талдауы. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен қаржыландыру жоспарына енгізілетін өзгерістер негіздемесінің мониторингін жүзеге асыру. Бюджеттік мониторингті жүзеге асыру. Мемлекеттік мекемелермен олардың иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) іске асырылудан түскен түсімдер мен шығындар бойынша бағдарламалар әкімшілерінің келісу үшін ұсынылған жиынтық жоспарларының дұрыс құрылуын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Түсімдердің жиынтық жоспарын әзірлеуді, құруды, бекітуді және орындауды жүзеге асыру. Қызметтік міндеттерді атқару кезінде алынған мәліметтер мен ақпараттарды құпияда сақтау, және құпияны қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау. Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтау.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі - жоғары (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы: экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі (сервис, экономика және басқару саласындағы: қаржы, есеп және аудит, экономика) барларға рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Құжаттар жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күн ішінде ұсынылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1)     осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2)     3х4 үлгідегі суретпен осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3)     бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4)     еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5)     Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6)     Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7)     құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8)     конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда, еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық пакетін ұсынбау конкурстық комиссияның оларды қарастырмауына негіз болып табылады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару бөліміне құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң 3 жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің ғимаратында, Екібастұз қаласы Мәшһүр Жүсіп көшесі, 45-үй мекенжайында өтеді.

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламалары Е-4, E-R-4 санаттары Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут; Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестер.

Үшінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (90 сұрақ) кем дегенде 45 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Үшінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 80 минутті құрайды.

«Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламасы Е-4, E-R-4 санаттары бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа төзбеушілік  (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестілерден тұрады.

Екінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды.

Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа төзбеушілік – 2 балл.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Тиісті мемлекеттік органның басшы тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылыми салада жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.