Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша айлық

Қаланың, сондай-ақ ауылдық елді мекендердің  санитарлық жағдайын жақсарту және абаттандыру  мақсатында Екібастұз қаласының әкімдігі абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша айлық жариялады, оның шеңберінде  2017 жылдың 15 сәуірі қалалық және 22 сәуірі облыстық  сенбіліктер өткізу бойынша іс-шаралар жоспарланды. Облыстық сенбілік өткізу күні  жалпы республикалық жасыл көшеттер отырғызу күні болып жарияланды.

15 сәуірде қалалық сенбілік өткізілді, оған 25 мыңға жуық  адам қатысып, 92 бірлік техника жұмылдырылды.

Қаланың және ауылдық елді мекендердің 725 ұйымы мен кәсіпорындары бекітілген  аумақтарды  қалыпқа келтірді.

2356 мың.м2 алаң үйішілік аумақтар мен елді мекендердің  маңы қоқыстардан тазартылды және қалыпқа келтірілді, 1200 тонна қоқыс пен тұрмыстық қалдықтар қоныстану аймағынан тыс жерлерге тасып шығарылды, 28 бірлік рұқсат етілмеген үйінділер жойылды, жалпы 2496 м3 жуық қоқыс тасып шығарылды.

 М.Жүсіп, Строительный, Омская, Беркімбаев, Қонаев көшелерінде және қаланың 11 саябағы мен гүлзарбақтарында  ағаштарды пішіндеп кесу, ақтау және өсінділерді жою орындалды.

153 дана тал отырғызылды соның ішінде: оралымішілік аумақтарда (білім біру, денсаулық сақтау мекемелерінде, ҮИК және кәсіпорындарда) 74 дана және кәсіпорынға іргелес аумақтарда 79 тал отырғызылды.

Саябақтарда, гүлзарбақтарында және қала көшелерінде 3122 дана  ағаш ақталды және 11 дана ескерткіштер, обелискілер, стеллалар  жөнделді.

Қаланы абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстары жалғасуда.

Қаланың кәсіпорындары, мекемелері мен ұйымдарының басшыларына апта сайын оларға бекітілген аумақтарда «тазалық жұмасын» өткізуді қамтамасыз ету ұсынылды.

БАРЛЫҚТАРЫҢЫЗДЫ 2017 ЖЫЛҒЫ  22 СӘУІРДЕ  ӨТЕТІН  ОБЛЫСТЫҚ СЕНБІЛІККЕ  БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!