Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Күлшүм Бәғира Енесі: сарықамыс

Құрметті Акім. Біздің Сарықамыс ауылымызда былтырдан әр үйден№ 15 бас жылқы жоғалды әлі күнге деин табылған жөқ,Сізден көмек сұрай отыра бір шара қолдануға өтінеміз, полициядан пайда жөқ.

Сіздің Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтына келіп түскен өтінішіңізге келесіні хабарлаймын.

Өтініште көрсетілген деректерді тексеру барысында Екібастұз қаласы ІІБ ақпаратты тіркеу кітабында Екібастұз қаласы Сарықамыс ауылында жылқы малының жоғалмағандығы жөнінде деректер жоқ.

Қазіргі уақытта Сарықамыс ауылдық округіне бекітілген полициянын участкелік инспекторы ауыл тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Өтініште көрсетілген деректер расталған жағдайда материал жиналып тіркелетін болады.