kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

«Павлодар облысының балалар туберкулезге қарсы шипажайы» мемлекеттік мекемесінде балаларды оңалту және емдеу

Павлодар облысында «Павлодар облысының балалар туберкулезге қарсы шипажайы» мемлекеттік мекемесі қызмет атқарады, ол Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ведомстволық бағынысты мекемесі болып табылады.  

Шипажай Павлодар қаласының қала сыртындағы аумағында Ертіс өзенінің жағалауында орналасқан, жалпы ауданы 5838,3 м2 және 210 жатын орынға есептелген алты қабатты жеке ғимаратта орналасқан.  Іргелес ауданы қоршалған, ағаштармен және көпжылғы шөптермен көгалдандырылған, спорт және ойын алаңдары бар. Шипажай қажетті құрал-жабдықтар: физиотерапевтік аппаратура, жаттығу құрылғылары, өтемақылық техникалармен жабдықталған. Жұмыс барысында әр-түрлі профилактикалық және оңалту түрлері және емдеу әдістері: физиотерапия, емдеу түзету, тыныс алу гимнастикасы, массаж, психологиялық және логопедтік түзетулер көрсетіледі.

               Шипажайдың негізгі мақсаты алғашқы туберкулез жұқпасымен (туберкулин реакциясының виражы), бұрын жұқтырғандар, бактерия шығаруына қарамастан туберкулездің белсенді түрімен ауыратын науқастармен байланыстағы туберкулин сынамасына гиперергиялық реакциясы бар үш жастан он жеті жасқа дейінгі балаларға медициналық көмек көрсету; облыстың бала тұрғындарына қажетті көлемді стационарлық медициналық көмек көрсету және бастауыш негізгі және ортаншы білім мен мектепке дейінгі біліми тәрбиенің игерілуіне арналған жағдайлар жасалынған; балалардың шығармашылық, рухани физикалық мүмкіндігін дамыту; облыстық бала тұрғындарының денсаулығын қорғау және әлеуметтік мәселелерін шешу бағдарламаларын іске асыру; медициналық көмектің қолжетімділігі және сапалы көрсетілуін көтеру; білікті мамандармен қамтамасыз ету; сапалы медициналық көмек көрсетуде пациенттердің қанағаттану жолдары, талаптарын зерттей отыра дамыту.               Шипажайда балаларды оңалту және емдеу мектеп бағдарламасынан қол үзбей оқыту 1-ден 10-шы сынып араларында жүргізіледі,  медико-психологиялық, балаларды логопедттік оңалту және әлеуметтік бейімдеу, стационарлық, медициналық көмек және  бала тұрғындарға жалпы негізгі білім беру және мектепке дейінгі тәрбие беру заңды түрде белгіленген және медициналық қызметтің түрлерімен  бекітілген лицензияға сәйкес енгізілді.

 «Павлодар облысының балалар туберкулезге қарсы шипажайы»  ММ-нің мекенжайы  - Павлодар қаласы, Зеленая роща көшесі, 4 тел. 8 (7182) 65 21 05, 8 (7182) 64 44 56

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза