Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Мұз үстінде абай болыңыз!

Былтыр 2016 жылдың 1 сәуірінде ауыз су қоймасында 1 балықшы балық аулап отырып суға батып кетті.

Біздің өңірдегі су қоймаларына тұрғындар балық аулап дем алу үшін барады, бірақ жылда аталмыш су қоймаларында төтенше жағдай болып, талай адам  өз өмірілерімен қоштасып жатады. Су оқиғасына қатысты болған төтенше жағдайларға сараптама жасап көретін болсақ: 2013 жылы – 3 адам, 2014 жылы - 5  адам, в 2015 жылы - 3 адам, в 2016 жылы – 3 адам, 5 жылдың ішінде барлығы 14 адам су апатынан қайтыс болды.

Күн ұзарып, күн сәулесінің қызуы артып көктемнің жылы күндері де басталды. Адам баласы судан келетін сан түрлі табиғи қауіпті ескермегендіктен көбіне қайғылы жағдайларға тап болады. Ауа – райының күрт жылынуына байланысты су қоймаларында мұз қарқынды еруде, қазіргі уақытта мұздың қалыңдығы 50 см, кейбір жерлерде 30 см дейін барады.

         Мұз үстінде абай болыңыз! Осы мезгілде суық су астында болу тәукелділігі арта түседі, сондықтан келесі жылдың қыс мезгіліне дейін мұз үстіндегі қызықты ойындарды қысқарту қажет.

Мүз қауісіздігінің негізгі сипаты – ол мұздың қалыңдығы оны білу қажет. 7-8 см мұз бір адамға, 15 см мұз бірнеше адамға, ал 25см мұз жеңіл автокөлікке қауіпті.

Мұз үстіндегі еріген суда да қауіпті, аяғымен тайып құлаған адам түрлі жарақат алуы, кимінің су болуынан тоңып қалуы мүмкін.

Екібастұз өңіріндегі ГРЭС-1, ГРЭС-2 су қоймаларындағы мұз үстінде болу қауіпті екенін естеріңізге саламыз, бұл жерде мұз әрқашан жылы сумен шайылып отыратындықтан, тіпті аязды күндері мұз берік болмауы мүмкін. . Қ. Сатпаев атындағы каналда қауіпті екенін естен шығармаған жөн.

Қала тұрғындарына, әсіресі балаларға, жасөспірімдер мен балық аулауды ұнататын әуесқойларға мұздағы қауіпсіздік ережелерін естен шығармағандары абзал: мұздың қалыңдығын нақты білмесеңіз, мұз үстіне шықпаңыз, автокөлікпен жүрмеңіз, жыраларда балық ауламаңыз!

Есіңізде болсын, өз өміріңіздің аманшылығы, өзіңізге байланысты екенін естен шығармаңыз!

Екібастұз қаласының ТЖ басқармасында 87182(536057) сенім телефоны жұмыс істейді. Осы нөмірге қоңырау шалып, кез келген адам басқарма қызметкерлерінің заңға қайшы іс-әрекеттері туралы хабарлай алады.

                                                                    

 М. Хамитова,Екібастұз қаласы ТЖ

басқармасы

ТЖ ескерту тобының

 бас маманы