Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Оқырмандар ақын Л.Н.Бевзбен жүздесті

Сәуірдің 3-і күні орталық кітапханада оқырман қауым Павлодарлық балалар ақыны Людмила Николаевна Бевзбен кездесті.Аталмыш шара Халықаралық балалар кітабы күніне арналды. Оған №35, №11 мектеп оқушылары қатысты. Людмила Николаевна балаларға арналған өлеңдер мен әндердің авторы. Бұл кісінің қаламынан шыққан еңбектері «Веселые ребята», «Звезда Прииртышья», «Магистраль», «Обозрение недели», «Ұстаздар» атты газеттерде жарық көрді. Қазіргі уақытта «Развитие» білім орталығында оқытушы болып еңбек етеді. Славян мәдени орталығы басқармасының мүшесі және «Серебряные струны» авторлық әні клубының үйлестірушісі.

Кешті жүргізуші Г.Елюбаева бас қосуға жиналғандарды ақынның шығармашылығымен таныстырып өтті. Балалар кештің қонағы ұсынған «О детях и детям» атты жаңа өлеңдер жинағымен таныса отырып, көңілдеріндегі сұрақтарын алға тартып, ақын жауабына риза болды.

№11 мектептің оқушылары Фарида Қаратаева мен Камила Ерғали автордың «Родина, «Благодарность Павлодару» деп аталатын өлеңдерін оқыса, ал №35 мектептің оқушылары «Учу казахский язык» атты жинағыннан өлеңдер оқып, «Куда пропало солнышко?» ертегісі бойынша қойылым көрсетті.

М.Глинка атындағы музыка мектебінің вокалды-би бөлімшесінің оқушылары Саша Михайлова, Ерқанат Ермеков және Әделя Умирбаеваның орындауында Л.Николаевнаның «Песенка о Париже» және «Девчушка» атты әндері орындалды.Соңынан әдеби шараға жиналғандаркеш қонағымен бірге фотосуретке түсіп, белсенділік та­нытқан жастарға кеш иесі авторлық туындыларын тарту етті.