Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Кабыкенова Анара Сембаевна: Балбақашаның ата-анлардын өтініші

Салеметсыздерме Қайрат Теміршотұлы. Біз, №12 "Арай" бөбектер бақшасының "Нұршуақ" тобы ата-аналары, балаларымыз барып жүрген бөбектер бақшасына ризамыз. Мұндағы тәрбие беру үрдісі, балабақшаға меңгерушісінен бастап тәрбиешілері, сондай-ақ өзге де мамандардын кызмет көрсетуі де көңілімізден шығады. Десек те, топ бөлмесінің ішіндегі келеңсіз жайттарды айтпасақ болмас.
Топ бөлмесінің қабырғаларын сыз басып, көгеріп кеткелі қашан. Тіпті су аққан іздер байқалады. Өзі суық, әрі дым иісі қолқаны қапқан бөлмеде балаларымыз таңертеңнен кешке дейін жүреді. Бұл жағдай балалардың денсаулығына кері әсер етпей қоймайды. Көп бала аурудан көз ашпайды. Үнемі бақшаны босатумен келеді. Шатырдан су кетіп жатса, топ бөлмесінің қабырғаларын қанша әқтеп, сылағымен, нәтиже болмас білеміз.
Меңгерушіден топ ішінде жөндеу жүргізуді талап еттік. Ол қолдан келгенін бәрін істеп бақты. Өкінішке қарай,нәтиже шамалы. Өйткені шатырды жөндемей проблема шешімін таппайтын түрі бар. Балабақша шатырын қатты жабынмен жаппаса, дым мен көк иісі кетпейтін болып тұр.
Сол себепті сізден, балғын бөбектердің денсаулығына алаңдайтын, елдің болашағын ойлайтын азамат әрі қала басшысы ретінде, балабақша шатырын жөндеуден өткізуді сұраймыз. басты байлық денсаулық деп білетін халқымыз үшін өскелең ұрпақ - балғын бөбектеріміздің дене"нің саулығы, күні ертең ел қорғаны болатын ұл-қызымыздың амандығын бәрінен қымбат. Демек, ұлт келешегі үшін көтеріп отырған мәселеміздің оң шешілеуіне өзіңіз ұйтқы болады деп сенеміз.

Құрметті Анар Сембайқызы! Сіздің Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтына № 12 «Арай» балабақшасына жөндеу жұмысын жүргізу мәселесі бойынша жолдаған хатыңызға хабарлаймын.

Білім бөлімі 2016 жылы құрылыс бөліміне № 12 «Арай» бөбектер бақшасының төбе жабындысын қайта жабу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге өтінім жіберген болатын.

Қазіргі уақытта құрылыс бөлімінің ақпараты бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.