kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

«Көктем аруы - 2017» байқауы

Қыздарды әдептілікке, әсемділікке, инабаттылыққа, сыпайылыққа, ата-баба дәстүрін біліп, үлкенге ізет, кішіге ілтипат көрсете білуге тәрбиелеу  мақсатында Екібастұз қаласындағы М.И.Глинка атындағы балалар музыка мектебінде Наурыз мерекесі қарсаңында алғаш рет «Көктем аруы - 2017»  байқауы өткізілді. Аталмыш байқауда 6 ару қыздарымыз өз бақтарын сынады. Байқау 3 айналымнан тұрды: «Бейне ролик» түрінде таныстыру; «Өнерпаздық»; дефиле, өз қолдарымен жасалған сәнді киім.

Нәзік жанды қыздарымыз 3 айналымнан сүрінбей өтті деуге болады. Қазылар алқасының шешімі бойынша  1 орынды ең көп балл жинаған Инкар Абраева (педагог Сейсенбаева А.Д.) жеңіп алды. 2 орынды - Альнур Құдайберген (педагог Айтбаев Д.Х.), 3 орынды – Айя Байгодина (педагог Макарова З.С.) иеленді.

«Өнерлі ару» номинациясын Дильназ Тлектесова (педагог Мусипова С.Т.), «Сәнді ару» номинациясын Аружан Искакова (педагог Кабыкенова Р.К.) және «Іскер ару» номинациясын Ризагуль Макашева (педагог Кабыкенова Р.К.)  жеңіп алды. 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза