Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Екібастұз өңірінің беделді басылымы» Оқырмандар конференциясы

16 наурыз күні орталық қалалық кітапхананың оқу залында «Отарқа» газетінің 25 жылдығына арналған «Екібастұз өңірінің беделді басылымы» атты оқырмандар конференциясы өтті. Газет журналистерімен кездесуге Екібастұздың құрметті азаматтары Жеңіс Мейрамова, Серік Жақсыбаев, Жұмағали Қоғабаев, газеттің тұрақты авторлары К.Дюсенов, К.Айтбаев, Ж.Тілегенұлы, сондай-ақ газеттің бұрынғы журналисі Астана қ. келген Лакадыл Бектұрған және ЕКИнЕУ студенттері.

Шараны жүргізуші А.Жұмағалиева басылымның тұңғыш редакторы Аманкелді Қаңтарбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұматтар берді.  сонымен қатар газеттің қазіргі редакторы Ж.Қадырова, журналистері Ж.Садвоқасов, Д.Ерғазина газет тарихынан шолу жасады. Шара барысында Ж. Қадырова, Ж.Төлегенұлы, К. Дюсенбаев өз қаламынан шыққан өлеңдерін тарту етті. Орталық кітапхананың кітапханашысы А.Жұмағалиева және «Атамұра» МО қызметкері Ж.Қабыкенов, №36 мектептің оқытушысы Б.Жылқыбай музыкалық құттықтау нөмірлерін жолдады. Бас қосуға келген қонақтар еңбектеріне табыс және газет санының көбейе беруін тіледі.