Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Алпысбаев Нұртабыс Мүсілімұлы: Үй мәселесі,Наурыз мерекесі,СЭС

1. Менің қызым жас маман ретінде үй кезегіне тіркелген, 2015 жылы. Бірақ қалада салынып жатқан үй байқамаймыз. Сол үй кезегіндегі үйді қашан алады. Екібастұзда үй салынбаса үйді пенсияға шыққанда алама?. Сіз қала әкімі болғандықтан, сіздің сайтыңызға кіріп, айтып отырмын.

2. Қалада әрбір жыл сайын Наурыз мерекесі тойланады. Сол Наурыз мерекесіне Киіз үй тігіледі. Сол үлерді не себепті тігеді (құрады)? Ішіне кірейін десек Күзетшілер кіргізбейді, Әр мекеменің. Бұл тігілген үйлер әкімдер мен шенеуліктерге арналған ба? Әлде халыққа тігілген ба? Бізде сол халықтың бірі емеспіз ба? Не себепті кіргізбейді? Наурыз несімен қызық?

3. Қалада СЭС мекемесі барма? Қайда орналасқан? Үйімізде күз-көктем айларында тарақан көбейіп кетеді. Осы туралы бірнеще рет Сіздің атыңызға өтініш (арыз) жолдағанмын.Бұрын Алдаспаева одан кейін Үсенов одан кейінгі жазған арызға М.Маликова жауап береді, неге? Сіз қала әкімі емессіз ба? Сіз дің есеп беру жиналысыңыз қашан болады? Сіздің есеп беру жиналысқа осындай сұрақтарады қоя аламыз ба? Сізге жазған өтініштке неге басқа біреу жауап береді? Біз оларға жазбаймыз ғой, сізге жазамыз.Қашан халықтың қалаулысы боласыз? Алдамды сынайтында, шыңдайтында сол халық! Осы бүгін сіздің сайтыңызға кіріп отырмын. Әр әкім келген сайын орынбасарларыда ауысуы міндет па? Неге көйлек ауыстырғандай бола береді?Неге біреу үшін біреу жауап береді. Білем М.Маликова Орынбасарыңыз екенін, бірақ біз орынбасарғам емес сізге жазамыз. Обылыс әкіміде өтнішті өзі қарайды ғой. Лауазымы да сізден үлкен. Өтініш жазып сізге жетпегесін, сайтқа кіріп отырмын. Мүмкін сізге жетеді деп. Менің жазған өтініштерім, сізге бармағасын 25 қаңтар 2017 жылы Обылыс мәслихат депутатына жаздым. Білем, Депутат сіздерге жіберетінін. Оған Маликова жауап беріпті. Жақында жауабын алдым. Қаңтар айында жазған өтініш жауабын 1-2 наурыз күні жауабын жіберіпті. Ол өтініштерге де үйімдегі тарақан мен подъездегі жағымсыз иіс шығатынын жазғанмын. Жауабында, барып көрдік тексердік, тұрғындармен жүздестік деген. Біз ешқандай комиссия не СЭС көргеніміз жоқ.Не подъезді, подвалды улап жатқанын көрген жоқпыз. ол кімдермен кездесті, кімдермен жиналыс ашты. Кай жерлерді улады. Қайтарған өтініштерге неге өтірік жауап қайтарады? Сізге өтініш Мен әрине қазақша жаздым. Қазақстанның азаматымын. Бірлгіміз жарасқан ел болайық! Сол себепті сіздің сайтқа кіріп, осы сұрақтарды қойдым. Тек қана өзіңіз шешімін тауып, араласып, шешшеңіз жақсы болар еді... Қазақшаға түсінбесеңіз акиматта аудармашы бар шығар. Әр бір мекемеде аудармашы болады. Кешіріңіз. Қолыңыз тисе қала әкімі ретінде Ломоносова көшесін көрсеңіз, магазинді көріңіз. Көше тазалығын көріңіз. Қай ағаш кесілген, қай ағаш кесілмегенін көріңіз. Ловоносова11-де. Осы жазғандарымның жауабын өзіңізден күтемін.Кейбіреулер көшеде көрегенін интеренетке жібереді, интернеттен көріп жүрміз. Мен интернетке жібермеймін. Тек сайт арқылы сізге жібердім. Сіздің сайтыңызға. Жауабы өзіңізден.

Құрметті Нұртабыс Мүсілімұлы! Сіздің пәтер мәселесі, Наурыз мерекесі, СЭС мекемесі бойынша Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтына келіп түскен арызыңызға, келесіні хабарлаймын.

2015 жылғы 30 қазандағы Екібастұз қаласы әкімдігінің № 1305 қаулысымен «бюджеттік ұйым қызметкері» санаты бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорына тұрғын үйге мұқтаж ретінде қызыңыз аз. Мусилимова Ажар Нуртабысқызы есепке қойылған.

Қазіргі уақытта аз. А.Н. Мусилимова мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін № 1915 болып кезекте тұр.

Аз. А.Н. Мусилимованың кезек динамикасы; 2015 жылы – 1989, 2016 жылы – 1915.

ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74 - бабына сәйкес мемлекеттік үй қорынан азаматтарға пәтер беру мына жағдайда іске асады.Тұрғын үйге мұқтаж есебінде,арнайы бекітілген тізім бойынша кезекте тұру және барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген кезден бастап тiзiмде белгiленген кезек ретiмен берiледi.

Осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды.

Осыған орай заңнамаға сәйкес, Екібастұз қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй аз. А.Н. Мусилимоваға кезегі келгенде бөлінеді.

Сонымен қатар «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Энергетиков көшесіндегі (21 шағынаудан) 80 пәтерден тұратын, оның ішінде 40 пәтер жергілікті атқарушы органдардарының кезекте тұрған азаматтарға арналған 5 қабатты тұрғын үйді тапсыруды жоспарлап отырғанын қосымша хабарлаймын.

Осыған орай, Сіздің қызыңыз аз. А.Н. Мусилимоваға «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ филиалына баруды ұсынамыз, мекенжайы: Строительный көшесі 82, байланыс телефондары: 76-04-03, 76-04-13, банктің ішкі сайты www.hcsdk.kz.

Екібастұз қаласында Наурыз мейрамына орай бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған бағдарлама бойынша көшелерде және концерт залдарында, клубтарда, спорт ғимараттарында мерекелік ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады.

Орталық алаңда орнатылған киіз үйлерге алдын ала бекітілген тізім бойынша халыққа танымал зиялы қауым өкілдері, қаланың құрметті азаматтары, аз қамтылған отбасынан шыққан және ата-анасының қамқорысыз қалған балалар, зағиптар қоғамының мүшелері, мүмкіндіктері шектеулі азаматтар, этномәдени-орталықтарының белсенділері, әр түрлі саладағы еңбек ардагерлерін шақырып ас берілетін болады.

Сонымен қатар, қала тұрғындарына қайырымдылық тамақтандыру (көже, палау, бауырсақ т.б. тағамдар таратылу) ұйымдастырылады.

«Қазақстан» кинотеатры алаңында орналасқан сахнада және киіз үйлердің сахналарында сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін мәдени-көпшілік іс-шаралары ұйымдастырылады.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрілігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» РММ Сіздің «...тарақандар және кіре берісіндегі жағымсыз иіс жөніндегі» өтінішінізге төмендегіні хабарлайды.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы тәртібі» Заңының 7-бабы 5-ші тармағына сәйкес Сіздің осы өтінішіңіз иесі бүркемеленген (авторлықты орнату мүмкін емес, қолы, оның ішінде электрондық сандық қолы қойылмаған, өтініш білдірушінің пошталық мекенжайы көрсетілмеген өтініш) болғандықтан, қарауға жатпайды.

Сонымен қатар, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес келетін және оған қол қоюға өкілеттігі бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат қағаз жеткізгіштегі қол қойылған құжатпен бірдей, яғни, электрондық құжатайналымы барысында аталған заңнамамен қарастырылған тәртіппен электрондық арызды электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыру болып табылады.

Осылайша, мемлекеттік органдарға жолданған және өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған сұраулар, өтініштер, арыздар тұлғаның өзi қойған қолымен тең және заңды күші бірдей болады.

Ломоносов көшесі 11 мекенжайы бойынша ағаштарды санитарлық кесу мәселесі бойынша, келесіні хабарлаймын.

Бұдан бұрын көрсетілген мекенжай ағаштарды санитарлы кесу бойынша сұраныс тізіміне енгізілді.

Жұмыстар осы мақсаттарға бөлінген қаражат шегінде орындалатын болады.