Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызмет көрсетулері бойынша 2016 жылғы жұмыстары туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Екібастұз қаласы әкімдігімен тұрғындарға мемлекеттік қызметтердің  80-нен астам түрі көрсетіледі. 2016 жыл ішінде Екібастұз қаласының жергілікті атқарушы органдарымен барлығы 95776 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Соның ішінде:

қызмет берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз нысандағы көрсетілген мемлекеттік қызметтер- 12741.

қызмет берушілермен көрсетілген (мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) «электрондық үкімет» веб-порталы және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі барлар барлығы, соның ішінде қағаз нысанындағылар- 35388.

Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны- 32348.

электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны –15299.

Екібастұз қаласы әкімі аппараты басшысының 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 3 бұйрығымен бекітілген Екібастұз қаласының жергілікті атқарушы органдарымен  көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу жөніндегі 2016 жылға арналған бақылау іс-шараларының жоспарымен қала әкімі аппаратының мемлекеттік –құқық бөлімі 6 бақылау іс-шарасы өткізілді. Оның ішінде:

2016 жылдың 2-тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы заңнаманың сақталуына қатысты «Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-де, «Екібастұз қаласы әкімдігінің жер ветеринария бөлімі» ММ-де;  

2016 жылдың 3-тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы заңнаманың сақталуына қатысты «Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-де, «Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ-де;  

2016 жылдың 4-тоқсанында Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жiберу үшiн мектепке дейiнгi (7 жасқа дейiн) жастағы балаларды кезекке қою бойынша мемлекеттік қызметі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы заңнаманың сақталуына қатысты «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ-де, «Екібастұз қаласы Шідерті поселкесі әкімінің аппараты» ММ-де    тексеру жүргізді.

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша басшыларға 19 ұсыным берілді, олардың ішінде 18-і оң қаралды, 1-і қаралу барысында (пандус орнату бойынша).

2016 жылғы қарашаның 14-і мен 30-ы аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Заңын сақтау саласында тексеру жүргізді.

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша Департаментпен 21 бұзушылық анықтады, 6 маман тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

2016 жылы 8 мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзушылық анықталды, оның ішінде 7 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ағымдағы жылы «Нұр Отан » партиясының сайтына берілген баласына туу туралы куәлігін алу жөніндегі 1 шағым орын алды.Өтінішті қарау кезінде Екібастұз қаласы ішкі істер басқармасының көші-қон қызметімен деректерде, нақтырақ баланың әкесінің атында қате жіберілгені анықталды.АХАТ бөлімі баланың туу туралы  куәлікті қайта берді, АХАТ бөліміне арыз берушінің   наразылығы жоқ.

2016 жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсетулер бойынша 78 негізді бас тартулар болды.Оның ішінде:

Жер телімдерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту-45;

«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерлерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» -2;

Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру - 2;

Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерлерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру - 18;

Елді мекен шегінде объект салу үшін жер телімін беру -3;

Жер телімінің нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат беру-8.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын көрсетілетін қызметті берушілердің орналасқан жерлерінде орналастыру және интернет-ресурстарында және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру арқылы жүргізіледі.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы 16-дан астам іс-шара өткізілді және бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық сипаттағы 12 мақала жарияланды.

Мемлекеттік қызметті электронды форматта және ХҚКО арқылы алу мүмкіндігі туралы тұрғындарды ақпараттандыру бойынша жұмыс тұрақты бақылауда тұр. 

Пікір жазу

  • Міндетті өрістер таңбаланған *.