Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Наурыз Мейрамы-2017

Бүгін – 14 наурызда №1 БЖСМ үстел ойындары бөлімінде «Наурыз Мейрамы-2017» мерекелеу аясында, мүмкіндігі шектеулі балалар арасында дойбыдан турнир өтті.

Турнирге Екібастұз қаласы №19 арнайы жалпы білім беру мектебінің оқушылары қатысты.  Қатысушы балалар әр түрлі жаста, әр түрлі диагнозды оқушылар. Жарыстың қорытындысы бойынша қыздар мен ұлдар арасында жүлделі орындар анықталды: 1 орын - Ярмолюк Екатерина,Ярмолюк Александр; 2 орын – Нуржигитова Жансая, Айткулов Асылхан; 3 орын – Буховцева Регина, Назырбагин Руслан.

Жүлделі орындарға ие болған қатысушыларға  грамота мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Жарыстан  құр қол ешім қайтқан жоқ, қалған қатысушылар белсенді қатысқаны үшін ынталандыру сыйлықтармен – грамота және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.